«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Агробизнес-2020»: ауылды қолдаудың теңдессіз шаралары

2015 жылғы 28 Мамыр
- Маңғыстау облысы
20925 просмотров

Палата өкілдері малшыға «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында өткізілетін кәсіпкерлікті қолдау шаралары жайлы айтып берді. Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы агроөнеркәсіп кешенін дамыту бөлімінің сарапшысы Ұлмекен Таңбаева атап өткендей, былтыр өңірде қуаңшылық орын алып, маңғыстаулық фермерлерді аңдаусызда есеңгіретіп кетті. «Жаңбыр жаумағаннан көктемде су көзі жетпейтін отар жайылымында шөп жетіспеушілігіне әкелді. Су тапшылығы түйткілін шешу үшін ескірген әрі кеуіп қалған бұлақтарды аршу қажет болды», - деп атады сарапшы.

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасы құрғақшылық түйткілін шешу үшін жиналыс ұйымдастырып, оған облыстық ауылшаруашылық басқармасы, «Каспий ӘКК» АҚ, «Қазагромаркетинг» АҚ МФ, «Маңғыстау облыстық сумен жабдықтау жүйесі» МҚК басшылары қатысты. Жиналыс қорытындысы бойынша құдықтарды жайластыруға қаражат бөлу бойынша шешім қабылданды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 20 миллион теңге бөлініп, ауылшаруашылық тауар өндірушілер үшін 8 құдық салынды.

Бұл жұмыстар Үкіметтің инвестициялық салымдар кезінде ауылдықтар шығынының бір бөлігін субсидиялау туралы Қаулысының аясында жүргізілді. Аталмыш бағдарламада 18 басымдылықты бағыт көзделген және субсидиялаудың ең жоғарғы пайызы жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құруға көзделген.

«Жазира» шаруа қожалығының басшысы Әлімжан Сағымбаев мұндай мүмкіндікті жіберген жоқ. Ол субсидиялау туралы өтінішпен жүгініп, құдықты жайластыруға кеткен шығынның орнын толтыру түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды. Инвестицияның жалпы сомасы 2 млн. 125 мың 571 теңгені құрады. Кәсіпкерге 1 млн. 700 мың 456 теңге көлеміндегі сома төленді, яғни инвестициялық салым кезінде жұмсалған шығынның 80% бөлігі.

Әлімжан Сағымбаев шаруашылығын шағын деуге болмайды, іріге де жатқыза алмайсың. Фермердің 13 бас ірі қара малы, жүзден астам қой-ешкісі, 11 жылқысы, 50 түйесі бар.

«Барлық мәселелер бойынша «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» қоры сарапшыларынан консультация алып тұрамын. Кәсіпкерлікті дамыту үшін елімізде көп жағдай жасалғанына әркез көз жеткіземін. Сауатты түрде консультация беріліп, мемлекет қолдауына ие болғаныма ризамын. Келесі аптада өнімімді сатуға рұқсат құжаттарын алуға тиіспін. Жақын арада базарларда біз өндірген сүт, қымыз, шұбат, құрт және басқа да сүт өнімдері пайда боларына сенімдімін», - дейді малшы.

Маңғыстау облысында ауылдықтарды қолдау жұмыстары аса белсенді түрде жүргізіледі. Кәсіпкерлер салымдарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша мемлекеттік қолдау алуға мүдделі. 2015 жылы Маңғыстау облысында АӨК субъектілері қарыздарын сақтандыру және кепілдендіру аясында субсидиялауға 206 млн теңге бөлінді. Бес айдың ішінде ғана 12,9 млн теңгелік алты жоба мақұлданды. Осы жылдың соңына дейін қалған 193 млн. теңгені игеру қажет.

Қаржылай қаражат жеткілікті, мемлекет қолдауын пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмас үшін, кәсіпкерлердің өздері белсендірек болуға тиіс.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер