«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Гүлнар Құрбанбаева: Базарларда болған өрттердің барлығын талдаудан өткізу қажет

2015 жылғы 27 Мамыр
7885 просмотров

БАҚ, ең алдымен, «Адем» сауда орталығында жақында орын алған өрт мәселесіне қызу талқылады. Гүлнар ханым кәсіпкерлерде ешқандай жорамал туындамас үшін, төтенше жағдай себебін тергеу ашық өтуге тиістігін баса көрсетті.

«Біз штабтық жұмысты ұсындық. Яғни шын мәнісінде бастапқыда болғанды: барлық мемлекеттік органдар, бақылау құрылымдары, ТЖ, ішкі істер органдары және басқаларының басын қосқанда, олардың барлығы осыны өртенген орындар иелерінің қатысуынсыз өткізді. Ақырында мынадай жорамалдар шықты: кім туралы, кім айтты, кім көмектеседі. Біз бұл схеманы ашығырақ етуді, оны адамдар үшін біршама түсініктірек етуді ұсындық», - деді ол.

«Біз үшін бүгін қалғандарының бәріне бас болатын бірінші кезекті мәселе  – бұл өрт дерегі бойынша қылмыстық істің барынша объективті түрде тергелуіне қол жеткізу. Себебі өртенген орын иелерінің шеккен зияны өтеле ме, жоқ па, осы тергеу нәтижелеріне байланысты», - деді Гүлнар Құрбанбаева.

ҰКП басқарма төрағасының орынбасары сонымен қатар қазірде аса жабық түрде жұмыс жасап жатқан ішкі істер органдарына сауалдар туындап отырғанын атады. «Біз бұл процеске араласпаймыз, мұны істеуге құқымыз жоқ. Бірақ біз сәйкес сауалдарды жолдадық. Біздің ойымызша, тергеу процесі түсініксіз ұзаққа созылып барады, ешкім хабарламайды, ешкім бұл туралы ақпарат бермейді. Бұл соңғы бірнеше жылда орын алған көптеген өрт оқиғаларына байланысты», - деді ол.

«Бас прокуратураның қатысуымен орталық деңгейінде кешенді талдау, тексеру жайлы мәселені шешу қажет, әзірше мұның қалай өтетінін білмеймін. Алайда орталық, онда заңдылық бар ма, жоқ па, осы мәселеге көз жеткізу үшін, осы базарларда болған барлық өрт оқиғаларын тексеруге тартылуға тиіс.  Бұл сауал неліктен туындап отыр? Енді, ең құрымаса тәуелсіздік алғаннан бері қалай қызмет жасап келді, солай қызмет етті, тіпті модернизацияланғанын айталық. Алайда, біздің ойымызша, 20 жыл бойы өртенбеген базар соңғы үш жылда өртене бастады. 20 жыл бойы олар өрт қауіпсіздігін ерекше сақтады, ал жиырма бірінші жылы оны сақтауды қойды десек – онша нанымды болмайды. Осы базарларда халықтың артық орналасуынан десек, ол бұрын қандай болды, сол қалпында. Егер түркістандық базарды алар болсақ, ол жыл өткен сайын жетіліп келеді: өрт сөндіретін машиналарға арналған өтпе жолдар ұлғайтылуда, дабыл жүйелері, бақылау камералары қойылған – яғни адамдар бұл жағынан жұмыс жасауға тырысып жатыр», - деп сарапшы ойымен бөлісті.

Гүлнар Құрбанбаева мәселенің жүйелілігін алып тастау қажет, не, керісінше, оны растау керек деп мәлімдеді. «Біздің ойымызша, жалпы қалыптасқан жағдай бойынша дұрыс деректермен, құқықтық дәлелдемелермен, бағалаумен аса салмақты талдау жасалуға тиіс еді. Бұл осы жүйелілік нұсқасын, нарықтық сауда саласындағы меншікті бөлу жүйесінің, бәлкім, нарық сауда конъюнктурасына жергілікті биліктің қандай да бір  ықпал етуі нұсқасын жоққа шығару үшін, бұл ерекше маңызды деп ойлаймыз. Немесе, керісінше осыны растау үшін», - деді ол.

«Бізге барлық өрт оқиғаларының талдауы қажет, және де кімнің, қашан, қандай процессуалдық нормаларды бұзғаны, неліктен бұлай болғаны, бұл қандай тенденция екенін анық ұғыну қажет. Осы жағдайда барлық жергілікті – қалалар, аудандар әкімдіктерінің және басқаларының ұстанымы қандай болды? Олар қандай роль атқарды, бұл неліктен орын алды?», - деп жалғады сөзін ҰКП өкілі. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер