«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Асығыстық жасаудың қажеті жоқ!

2015 жылғы 26 Мамыр
7385 просмотров

Астана экономикалық форумында Еуразиялық даму банкінің Басқарма Төрағасы Дмитрий Панкин баспасөз конференциясында Еуразиялық Одақтың бірыңғай валютаға көшуі аса зор қателік болатынын мәлімдеді. Осыған қатысты мысалға Еуроодақты келтірді.

«Еуропа елдері интеграцияға 30 жыл бойы жүріп жетті және осыдан кейін ғана бірыңғай валюта – еуроны енгізуге бел буды. Алайда бүгінде Еуроодақта түрлі бюджеттік, салықтық саясат салдарынан салмақты түйткілдер туындағанын көріп отырмыз. Біз туралы да дәл осылай айтуға болады. Мысалы, Қырғызстанда жан басына шаққандағы табыс 1000 доллар, Қазақстанда – 12, Ресейде 14 мың доллар. Табыс деңгейі де, экономика құрылымы да әртүрлі», - деп атап өтті Дмитирий Панкин.

Дегенмен, болашақта сарапшы бірыңғай валюта пайда болуын жоққа шығармайды.

Еуразиялық экономикалық комиссия интеграция және макроэкономиканың басты бағыттары бойынша Алқа мүшесі (Министр) Татьяна Валовая бизнес тарапынан болған қысымға қарамастан, рубль күрт әлсіреген кезде Ресейден тауар импорттауға қандай да бір шектеу енгізбеуді Қазақстан үкіметінің «дана шешімі» деп атады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер