«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жұмысшы деген кәсіп бар

2015 жылғы 25 Мамыр
- Ақмола облысы
17307 просмотров

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданындағы филиалы кәсіптік бағдар жұмысы бойынша бірден екі маңызды іс-шара өткізді.

№7 Агротехникалық колледж базасында мектеп оқушыларына арналған «Ашық есік күні» өтті. Колледж директоры Лариса Клименко балаларға аспаздар, құрылысшылар, дәнекерлеушілер мен фермерлер мамандықтарын меңгерудің басымдылығын айтып берді. Аталмыш мамандықтардың барлығын оқу орнында меңгеруге болады. Кәсіпкерлер палатасының Есіл ауданындағы филиалының директоры Талғат Әлжанов, өз кезегінде, алынған жұмысшы мамандық базасында жеке бизнес ашу мүмкіндігі жайлы, сондай-ақ тиімді жұмысқа орналасу кепілдігі жайлы ақпарат берді. Кейін мектеп оқушылары колледжде экскурсия жасап, қызықты шеберлік сабақтарын алды, концерттік бағдарламаны тамашалады.

«Кәсіп таңдау жолында» байқауына Есіл қаласы мен ауылдық округтерден алты мектеп қатысты. Байқау мақсаты – жұмысшы еңбегі мен қызмет көрсету саласының беделін көтеру. Барлық топтар байқауды өткізуге үлкен жауапкершілікпен қарады, лайықты түрде өнер көрсетіп, грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Жас кәсіпкерлер клубында ментормен кездесу өтті
16 Мамыр
2018
Солтүстік Қазақстан облысы
Кәсіптік консультация алуға асығайық
4 Қараша
2015
Солтүстік Қазақстан облысы
Кәсіпті қалай дұрыс таңдау керек?
16 Қазан
2015
Ақтөбе облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер