Қоғамдық тамақтану қызметкерлеріне жалған санитарлық кітапшалар берілмеуі тиіс!
Қоғамдық тамақтану нысандарында мемлекеттік бақылау қалай жүзеге асырылуға тиіс? Жеке медициналық кітапшаларды бергені үшін жауапкершілік кімге жүктеледі? ХАССП стандартын қандай кәсіпорындарда енгізу қажет?
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет бастамасымен құрылған Жұмыс тобының алғашқы отырысында сауда және қоғамдық тамақтану саласындағы осы және басқа да түйткілді мәселелер талқыланды.
Сонымен, ҰКП мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелерін қозғай отырып, қоғамдық тамақтану нысандарында зертханалық-құралдық зерттеулер үшін шикізат сынамаларын, дайын өнімді, ауыз суды және шайындыларды іріктеуді жүргізу сияқты басқа бақылау нысанын кіргізуді ұсынды.
«Мұндай түзету мемлекеттік органның қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты зертханалық зерттеулер арқылы бактериологиялық және паразитологиялық бақылау көмегімен сәйкессіздікті дер кезінде анықтауына мүмкіндік береді. Алайда тоқсанына 1 реттен жиі емес. Ал тексерілетін субъект сәйкессіздік болған жағдайда өзін әкімшілік құқық бұзушылыққа тартусыз бұзуды түзету мүмкіндігін алады, яғни айқындау мен жазалаудың орнына ескерту қағидаты қолданылады», - деп түсінік берді «Атамекен» ҚР ҰКП Сауда комитеті Хатшылығының басшысы Жібек Әжібаева.
Сонымен бірге мемлекеттік органдар басқа бақылау формасының нәтижелеріне мән бермеген және бұзуды жоймаған қоғамдық тамақтану орынарының алақол иелеріне жоспардан тыс тексеріспен келуге құқылы.
Жеке медициналық кітапшалар беру мәселесіне келер болсақ, анықталғандай, қолданыстағы заңнамаларда денсаулық сақтау субъектілері мен декреттелген халық топтары өкілдерінің санитарлық кітапшалардағы мәліметтердің нақтылығы үшін жауапкершілігі бекітілмеген, бұл кейін жұқпалы аурулардың немесе уланудың туындау және таралу қаупін тудыруы мүмкін. (Мәлімет үшін: декреттелген халық тобы – қызмет көрсету саласында жұмыс жасайтын, айналадағылардың жұқпалы және паразитарлық аурулар жұқтыру үшін үлкен қауіп тудыратын тұлғалар).
Осыған орай ҰКП әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау жөніндегі құзырет орнатумен денсаулық сақтау субъектілері мен халықтың декреттелген топтары өкілдерінің әкімшілік жауапкершілігін заң жүзінде бекітуді ұсынды.
Сонымен қатар, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет жеке медициналық кітапшалар берудің Бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізуді ұсынды. Аталмыш идеяның шығындылығына қарамастан, ұсыныс отырысқа қатысушылар арасында қолдау тапты.
Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет ХАССП (тамақ қауіпсіздігін басқару жүйесі) стандартын енгізуге қатысты Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы бизнес-қоғамдастықтың біршама ірі кәсіпорындары каскадты оқытудан өткенін хабарлады.
ТҚҚК бас сарапшысы Марал Рахымжанова атағандай, мемлекет ХАССП стандартын енгізуді ынталандыратын болады.
Барлық кәсіпорындар осындай мүмкіндікке ие. Сонымен, «Цесна - Астық» Концерні» ЖШС нан зауытын ХАССП халықаралық стандартына көшіре алмайды, себебі инфрақұрылымның өзі халықаралық стандарт ұсынатын технология бойынша өзінше ағымдылықты сақтауға мүмкіндік бермейді. Осыған орай «Цесна - Астық» Концерні» ЖШС жаңа өндірістерге ХАССП стандартын енгізуді міндеттеуді ұсынады. Ал ескірген кәсіпорындарды, «Цесна - Астық» Концерні» ЖШС бас директоры Илья Мещеряковтың ойынша, модернизациялау қажет.
ТҚҚК деректеріне сүйенсек, қазірде Қарағанды қаласында мемлекет есебінен ХАССП стандартын енгізу бойынша жүзеге асырылған пилоттық жоба соңына жетіп қалған.
Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет қоғамдық тамақтану саласындағы жағдайды ескере отырып, аталмыш тәжірибені басқа да өңірлерде таратуды ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған түзетулердің барлығын кәсіпкерлік мәселесі бойынша заң жобасына енгізуге шешім қабылданды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: