«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Астана «солтүстік Дубайға» айналады

2015 жылғы 22 Мамыр
14788 просмотров

«Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру туралы жарлыққа қол қойдым. 2017 жылы дүниежүзілік ЭКСПО көрмесін өткіземіз. Нысандар белсенді түрде салынуда, олар өте ыңғайлы. Көрме өткен бетте осы салынған нысандардың барлығын қаржы орталығына бермекшіміз», - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығымен келіссөз жүргізгенін айтты. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстанда араб тәжірибесін енгізу жайлы шешім қабылданды.

«Біз олардың заңнамасын, экономикасын, құру әдістерін Қазақстанға толығымен көшіріп әкелеміз… Қаржы орталығы жеңілдікті салық тәртібі мен тәуелсіз қаржы соты бар британдық құқық қағидаттарына негізделетін болады. Қаржы орталығының Қазақстанның қаржы инфрақұрылымының өзегі, күллі Орталық Азия өңірі үшін қаржы хабы боларына сенімдіміз», - деп атады ел Президенті.

Елбасы сонымен бірге бұрындары еліміздің қаржы орталығы мәртебесін алып жүрген Алматы қаласының «ел ішіндегі қаржы қызметтері мен қаржылық делдалдық орталығы болып қала беретінін» еске сала кетті.

«Осы шаралардың барлығы біздің ұзақ мерзімдік, тұрақты дамуымызды қамтамасыз етуге таңдалған. Біз бұған сенім артамыз», - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер