Азат Перуашев: 30% қайта қаралған іс дегеніміз жақсы нәтиже!
Мәжіліс Депутаты Азат Перуашев Қазақстан Республикасы Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында «Атамекен» Ұлттық палатасына тағылған әрекетсіздік жайлы айыптауды теріске шығарды.
Отырыс «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруға арналғанын еске саламыз.
Мәжілісмен Асқат Бекенов бір топ кәсіпкердің міндетті мүшелік жарна төлеуді қаламауына ҰКП-ның кәсіпкерлер құқығын қорғау саласындағы белсенділігінің төмендігі себеп дейді. Депутат бизнесмендердің жарна төлемегені үшін және ҰКП-ға міндетті мүшеліктен бас тартуы үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін көтеруге әлі ерте деп есептейді.
«Егер бүгін жергілікті жердегі кәсіпкерлерден мұндай нормаға дайынсың ба деп сұрасақ, ешкім де жағымды жауап бермейді. Мәселе мұнда емес! Бүгінгі таңда Палатаның кәсіпкерлерді қорғауға қабілетті беделді ұйым ретіндегі ролі мен маңыздылығы жайлы мәселе күшейіп тұр. Бизнес алдындағы ҰКП беделін көтеру керек, сонда жарналар міндетпен емес, ерікті түрде келеді. Адамдар ҰКП қолдап, қаражатты өтеусіз аударатын болады. Алайда отырыс материалдарында мынадай деректер айтылды: бизнесмендердің 1740 өтініштің ішінен 30%-ы бойынша ғана оң шешім шығарылған. Палата неліктен кәсіпкерлік құқығын қорғау жөніндегі қызметін атқара алмай отыр?», - деп депутат ҰКП басшылығына сауал тастады.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, кәсіпкерлер өтініштерінің көпшілігі сотта жеңіліс тапқан азаматтық қуыным нәтижесі бойынша қабылданған. Аталмыш 30% арасынан көпшілігінің шешілуі жылдар бойы созылған, және де апелляциялық сатының барлық соттарынан өткен. Ұлттық палата араласуы ғана алып сот машинасын қайта анықталған мән-жайларға көңіл аударуға мәжбүрлеген.
«Шешімін күткелі бір жылдан асқан істер бар. Өкінішке орай, кәсіпкерлердің кейбір өтініштері оларды қарауды созып жүрген мемлекеттік органдар салғырттығынан шешілмей жатыр. Мұны істеп жүргендердің есімдері мен лауазымдарын анық айта аламыз… Бұл ақпаратты Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшылығына да жеткіздік. 30 лауазымды тұлға әуре-сарсаңға салғаны үшін жұмыстан шығарылуға дейінгі түрлі дәрежедегі жазалауға ұшырады», - деп түсіндірді Абылай Мырзахметов.
Ол сондай-ақ жүйелік түйткілдерден емес, кәсіпкерлердің бір-бірімен, не болмаса банктердің кәсіпкерлермен қақтығысынан туындаған істердің жеке санаты бар екенін көрсетті.
Абылай Мырзахметов жағдайға құқықтар мен өкілеттіктің кең жиынына ие кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен лауазымын құру туралы саяси шешім әсер етуі мүмкін деп санайды. ҰКП Басқарма Төрағасының ойынша, омбудсменге Бас прокуратуға нақты лауазымды тұлғалардың әрекетіне шағынумен тікелей жүгіну құқығы берілуге тиіс.
Мәжіліс депутаты Азат Перуашев («Атамекен» ҰЭП бұрынғы басшысы) «бастамасыздық» жайлы жазғыруды теріске шығарды.
«30% жайлы айтқанымыз – бұл сын емес, түсініп қойыңыздар! Сотта жеңіліс тапқан істің 30%-ын тойтару – бұл ҰКП жұмысының өте жақсы көрсеткіші! Әсіресе, ҰКП-ға жеке құқықты қорғаудың басқа мүмкіндіктерінің бәрі таусылғанда жүгінетінін ескергенде» - деген сенімде депутат.
Алайда, оның ойынша, ҰКП басқа мемлекеттік құқық қорғау инститтутары – соттар, прокуратура, полицияны алмастыра алмайды.
«Ұлттық палатаның сот шешімін өз шешіміне алмастыруға, не болмаса оған қарсылық көрсетуге құқығы жоқ екенін де түсіну керек… Ұлттық палата ұсынысымен Мемлекет басшысы тағайындайтын кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен қажет екені даусыз. Сонда оның сөзінде салмақ болар еді», - деп есептейді Азат Перуашев.
Пікір қалдыру:
Пікірлер:
Жакупова А.Е.