«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Абылай Мырзахметов: Кәсіпкерлер олардың мүдделерін білдіруде тең жағдайды иеленулері керек

2015 жылғы 19 Мамыр
7268 просмотров

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі комитетінің көшпелі отырысында «ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының орындалу мәселесі талқыланды. Пікірталас кезінде кәсіпкерлердің мүшелік жарнаны Ұлттық палатаға емес салалық Қауымдастықтарға төлеуі туралы ой айтылды.

ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов өз ойын білдірді:

«Біріншіден, мұндай үлгі – міндетті мүшелік – Еуропада көп таралған. Біз әлемдік тәжірибені зерттедік: қауымдастықтар арқылы міндетті мүшелік еш жерде жоқ. Палатаның мәнінің өзі – ол әмбебап болуға тиіс, және де барлық кәсіпкерлер бірдей жағдай алуға тиіс. Ал қауымдастық – бұл дегеніміз мүдделестер клубы. Біз барлық аудандарда филиалдар аштық та, депутаттарға алдымызға қойылған әрбір ауданға, әрбір кәсіпкерге жету міндетін орындағанымызды баяндадық», - деп мәлімдеді ол журналистерге берген сұхбатында.

Абылай Мырзахметов ҰКП филиалдарының және қолдау орталықтарының Қазақстандағы 188 ауданда ашылғанын хабарлады. «Кәсіпкерлер тірегі бар екенін, консультация берілетінін, көмек берілетінін түсінді. Ал ірі Қауымдастықтар арасында аудандық түгілі, облыстық филиалдары бар бірлестікті таба алмайсыз. Және де өңірлердегі кәсіпкерлерді алаңдататын да осы мәселе, себебі, егер Қауымдастықтарға беретін болса, олар аудандардағы кәсіпкерлерге қызмет көрсетпейді», - деді ол.

Басқарма Төрағасы сонымен бірге Қауымдастық маңызын да тиісті түрде бағалау керектігін, ал Ұлттық палатаның олармен тығыз да ашық ынтымақтастықта екенін баса айтты.

«Мәселе қаржыландыруда болып отырғанын түсінеміз. Біз бәріне ұсындық, Съез мұны мақұлдады, бұл біздің ойлап тапқанымыз емес, Съезде осы ұстанымдарды баян еттік, олар өте қарапайым: егер Палата мүшесі болып табылатын Қауымдастық мүшелері ақшаны бізге төлейтін болса, онда осы ақшаның бір бөлігін талқылаудан соң қайтадан Қауымдастыққа аударуға дайынбыз», - деп атады ол.  

«Маңғыстауда, мәселен, кәсіпкерлер маған былай дейді: Палатаға төлейтін ақшамның қайда баратынын білемін – міне аудан, міне облыс, кімнен сұрау керектігін білемін. Неліктен ақшамды Алматыда және Астанада ғана жұмыс жасайтын қайдағы бір Қауымдастыққа беруім керек. Негізі, Қауымдастықтар қамтуының бір пайыздан сәл ғана асатынын айқым келеді. Барлық Қауымдастықтарда бар-жоғы 7,5 мың кәсіпкер бар, ал бізде күллі ел бойынша кәсіпкерлер саны 900 мыңға жуық. Сонда мұны кімге сеніп тапсырмақшымыз?», - деді ҰКП өкілі.

Абылай Мырзахметов Қауымдастықтардың кәсіпкерлер қаражатын ала отырып, жұмыстың белгілі бір көлемін орындайтыны жайлы шартқа қол қоюға тиіс екенін айта кетті: сараптама, салалық зерттеулер жүргізу, қандай да бір стандарттар дайындау және тағы сол сияқты.

«Бүгінде үш Қауымдастық қол қойып қойды. Олар – ірі қаржыгерлер, тау-кен және мұнай-газ  қауымдастықтары. Және де төрт Қауымдастық жақында ғана процедурадан өтті. Ондағы процедура түсінікті, қарапайым және шарт ашық. Біз ашық жұмыс жасауға дайынбыз, бірақ Қауымдастықтар да мұны дұрыс түсінуге тиіс. Және де шындықтан алыс, әлемде қолданылмайтын тәжірибені ұсынудың да жөні жоқ», - деді ол.

ҰКП Басқарма Төрағасы жалпы Ұлттық палатаның Мәжіліс депутаттарымен ашық та сындарлы сұхбаты орын алғанын атады. «Басты қорытындыны Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дариға Назарбаева жасады. Ол ҰКП-ның институт ретінде қалыптасқанын айтты. Әлеуметтік, қоғамдық институт ретінде, кәсіпкерлерді қорғау институты ретінде. Бұл заң шығарушылардан алған ресми түрдегі жоғары баға», - деп қорытты Абылай Мырзахметов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер