«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Монополизммен күрес

2015 жылғы 19 Мамыр
7561 просмотров

 

Жиналысқа Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Бәсеке және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Нұрлан Алдабергенов, Қазақстанның бизнес-қауымдастықтары, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, мемлекеттік органдар өкілдері қатысады.

Күн тәртібінде – Комиссия және ЕАЭО мүше мемлекеттер ұлттық монополияға қарсы органдары арасындағы бәсекелестік ережесін бұзуға жол бермеу бойынша уәкілеттіктерді жіктеу мәселелері, сонымен қатар өтініштерді қарау, тергеу жүргізу және жосықсыз бәсеке туралы, бәсекеге қарсы келісімдер (картельдер) туралы және ЕАЭО трансшекаралық нарықтарында басым жағдайды теріс пайдалану туралы істерді қарау процедуралары.

Сондай-ақ ЕАЭО трансшекаралық нарықтарындағы түйткілдер мен бәсекенің ағымдағы ахуалы талқыланады.

Өткізілетін күні және орны: 2015 жылғы 20 мамыр, 10-00, Астана қаласы, Қонаев көшесі, 8 үй, «Изумрудный квартал» ӘҒ, Б блогы, «Түркістан» конференц-залы, 26 қабат, 2605 бөлме

БАҚ өкілдерінің аккредиттеуден өтуі міндетті.

2015 жылғы 19 мамыр 20:00-ге дейін аккредиттеуден өтуді сұраймыз.

ҚР ҰКП Жұртшылықпен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@palata.kz 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер