«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Көшбасшы компанияларға жан-жақты қолдау көрсетіледі

2015 жылғы 18 Мамыр
9508 просмотров

Бүгін «Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастамалаған «Бәсекеге қабілетті көшбасшылар – ұлт чемпиондары» орта бизнесті қолдау бағдарламасының 32 қатысушысы таныстырылған отырыста осындай мәлімдеме жасады. 

Іріктеу аталмыш бағдарламаға қатысуға үміткер отандық өндірушілер арасында жүрді. Берілген 300 өтінім арасынан 32 компания іріктеліп алынды, оған кірген компаниялардың 20 – агроөнеркәсіп кешенінен, 7 – машина жасау саласынан және 5 – құрылыс материалдарын өндіру саласынан. 

«Заманауи жағдайлардағы көлем, жұмысбастылық, кадрлардың даярлығы және менеджмент бойынша критерийлер қолданылды… Пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кредитті кепілдендіру, осы тізімге енген барлық кәсіпорындар үшін экспорттық сақтандыру шараларын қоса алғандағы мемлекеттік қолдау шараларының күллі кешені ашылады», - деді Тимур Құлыбаев.

Ол диагностика жүргізіліп, «Атамекен» ҰКП басымдылықтары белгіленетінін де айта кетті. Инвестициялар және даму министрлігі, «Бәйтерек» ҰБХ қазақстандық өнімді сыртқы нарықтарға экспорттаудағы және импорттың орнын алмастырудағы көшбасшылар болатын Қазақстанның алдыңғы қатарлы компанияларына жан-жақты көмек көрсететін болады.

Диагностика қорытындысы бойынша әрбір компаниямен болашақта осы компанияны дамыту үшін нұсқаулықтардан тұратын жеке іс-шаралар жоспарын дайындау жоспарлануда.

«Бұл пилоттық жоба. Тізім аталған кәсіпорындармен шектеліп қалмайды, керісінше, ол жан-жақты көмек көрсетілген кезде КО елдерінде нарық тауашаларына шынайы жайғасуға қол жеткізілетін көшбасшы компанияларды табу үшін, салалар бойынша да кеңейтілетін болады», - деп хабарлады Тимур Құлыбаев.

Бағдарламаның мақсаты Қазақстанда өңірлік және әлемдік көлемдегі компанияларды қалыптастыру жолымен шикізаттық емес сектордың бәсекеге қабілетті, экспортқа бағдарланған өндірістерін құру болып табылады. Аталмыш Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы барысында айтылған «Ұлт чемпионы» жобасын құру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру аясында жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер