Гүлнар Құрбанбаева: “Барлығына көмектесеміз”
Ол Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы құрған штабтың жалгерлерді қолдауға бағытталған жұмыстар жүргізіп жатқанын атап өтті. Осы кезеңде кәсіпкерлерден шеккен залал мен қажет көмек туралы өтінімдер қабылдануда.
“Біздің міндет – қандай да бір нақты шешім қабылдау үшін, мемлекеттік органдар құзыретіндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету. Зейнетақы қорын, Жұмыспен қамту басқармасын жұмысымызға қостық, қазір прокуратурамен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Қолда бар ресурстарымызды бағалап, оларды қолдануымыз керек. Мұнда жүргізілетін жұмыстың бәрі ҰКП басшылығының бақылауында”, - деді зардап шеккен кәсіпкерлерге Гүлнар Құрбанбаева.
Сонымен қатар банк қарыздарын қайта құрылымдау мүмкіндігіне қатысты банктермен жұмыс жүргізілуде, деп жалғады ол сөзін, ол үшін арнайы топ құрылды. Тағы бір топ залалдың орнын толтыру түйткілдерімен айналысып жатыр, ал үшіншісі – өрт дерегі бойынша қылмыстық іс тергеуінің жылжуын қадағалауда.
“Мұнда мыңнан астап адам жұмыс жасады. Олардың ешқайсысы да көмексіз қалмайды, бәріне де көңіл бөлеміз”, - деп баса айтты ҰКП төрағасының орынбасары.
Ол жалгерлерді өтініш-арыздарды белсенді түрде жазуға, белгісіз тұлғалар тарататын қауесет сөзге және арандатуға ермеуге үндеді. Әзірше Кәсіпкерлер палатасына өтініш 470 өтініш келіп түскен.
Гүлнар Құрбанбаева сонымен қатар барлық ақпараттың апта сайын жаңартылып тұратынын және жалгерлерге, құқық қорғаушылар мен БАҚ-қа беріліп отыратынын атады.
Ол кәсіпкерлердің сауалдарына жауап бере отырып, тергеу аяқталмағандықтан және өртеніп кеткен орталықтың опырылу қаупімен ахуалдың күрделене түсетінін хабарлады.
"Сараптау нәтижелері «Адем» сауда орталығының қирау қаупі бар екенін көрсетіп отыр. Ішке ешкімді кіргізбейді. Онда адамдар болған деген дерек бар, бәрі де камераға түсірілген. Құқық қорғау органдары осымен айналысып жатыр. Біз сауда орталығын демонтаждау барлық айғақтар мен дәлелдер зерттеліп, тиісті орындарға берілген бетте жүргізілгенін алға тартып отырмыз. Өртеу дерегі болды ма, әлде өзі өртеніп кетті ме, анықталады”, - деді Гүлнар ханым.
Зардап шеккен кәсіпкерлер Гүлнар Құрбанбаеваның Ұлттық қордан пайызсыз кредит алуға жәрдемдесуін сұрап, оған жауап ретінде төраға орынбасары мұның заңда көзделмегенін түсіндіріп берді.
"Кәсіпкерлердің жеке табыс табу мақсатында өз қаражаты есебінен тәуекелге баратынын бәріміз білеміз. Сондықтан да Ұлттық қор есебінен пайызсыз кредит бөлу жайлы айта алмаймыз. Материалдық көмек мәселесін қайырымдылық қорларымен пысықтауға тырысып көрейік. Алайда керемет көмек болады деген уәде бере алмаймын, сабыр сақтаңыздар, тергеу нәтижелерін күту керек", - деді Гүлнар Құрбанбаева. Ол сонымен қатар штабтың болған оқиғаға қатысты барлық мәселелермен айналысатынын, және де кәсіпкерлердің өтемақы алуына көмектесетінін баса көрсетті.
Кездесуге қатысқан «Адем» сауда орталығының иесі Ербол Тымбаев жалгерлерге орталықтың екінші кезегін салу туралы мәселе шешіліп жатқанын хабарлады. Ол белгілі бір әрекет жоспарын басшылыққа алады. "Біз алдыңғы күні уақытша бутиктер бөлу жұмысын 80% аяқтадық, бұл шамамен 350 адам. База құрып жатырмыз. Ертең кімнің қайда бөлінгенін стенділерімізге ілеміз. Көптеген адамдар уақытша бутиктерден бас тартып, негізгі ғимараттың салынуын күтуге келісті, және де олар шарттарға қол қойды", - деп түсіндірді орталық құрылтайшысы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: