«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төреліктің болашағы зор

2015 жылғы 18 Мамыр
7887 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Атамекен» ҚР ҰКП «Төрелікте және аралық сотта талқылау орталығы» (Төрелік орталығы) және Корольдік төрешілер институты (CIArb) Өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. 

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов қол қою салтанатында атап өткендей, аталмыш құжат дауларды баламалы шешу (ДБШ) мәселелері бойынша өркендету және жәрдемдесу жөнінен ынтымақтастықта болу жолдарын анықтау мақсатында Тараптар арасында болашақ консультациялар үшін негіз болады.

Корольдік төрешілер институты Басқарма мүшесі Майкл Аллен Стефенс CIArb кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелеріндегі, төрелік және аралық талқылауларды қарау, төрелік мәселелері бойынша консультация беру, төрешілер мен медиаторлар біліктілігін көтеру және оларды оқытудағы ҚР ҰКП мен Төрелік орталықтың жетекші ролін, бірегей білімі мен тәжірибесін мойындайтынын мәлімдеді.

ҚР ҰКП Төрелік орталығының бас хатшысы Жұмабай Шәмшиев меморандумның CIArb , ҚР ҰКП және Төрелік орталық бірге жұмыс жасайтын жағымды жағдай орнауына сеп боларын баса айтты.

Үздіксіз кәсіптік даму, білім беру, Тараптар мүшелеріне қызмет көрсету, кәсіби қызметтер, ДБШ әдістерін қолданушыларға, қызығушылық танытқан тараптар мен қалық көпшілікке арналған сәйкес қызметтер сияқты ортақ қызығушылық тудыратын басым салалардың барлығында бірлескен қызмет үшін негіз жасалады.

Меморандумға қол қойғаннан кейін CIArb «Халықаралық шарт және халықаралық коммерциялық төрелікте дауды реттеу» ХІІІ Біліктілік семинары өтті.

Семинар қатысушыларына ауызша тест және жазбаша жұмыстар негізінде өз тегінен кейін MCIArb аббревиатурасын пайдалану құқығымен Королдік Төрешілер Институты Мүшесі біліктілігін алудың бірегей мүмкіндігі берілді.

Семинарда сонымен қатар Қазақстан, Ресей және Ұлыбританиядағы төрелік мәселелері  және дауды шешудің басқа да тәсілдері қаралды, төрелік заңнамаларға салыстырмалы талдау ұсынылды.

Дәріскерлер семинар қатысушыларына аралық сот құрамының қалыптасуы, Қазақстан, Ресей және Ұлыбританиядағы негізгі шарттық құқық қағидаттары, төрелік талқылау және төрелік шешім және т.б. жайлы айтып берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер