Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарғы марапатын иеленді
Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңес «Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттады
Марапатқа ие болғандар: «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Рахим Ошақбаев, ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаментінің директоры Сергей Радаев, ҚР ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаментінің директоры Әлихан Мамбеталин, ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаменті директорының орынбасары Эльвира Кәрімова, ҚР ҰКП Еуразиялық экономикалық комиссиядағы өкілдері Нұрболат Сукуров, Берік Үмітбаева, ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің директоры Дана Жүнісова, Экономикалық интеграция департаменті директорының орынбасары Асқар Қысықов, Экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы Ерік Батырханов, ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментінің сарапшысы Әлия Медебаева.
«Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін» медалі туралы ереженің 2014 жылғы 23 желтоқсанда қабылданғанын атап өтеміз.
Медаль Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі сәйкесінше – Одақ, мүше мемлекеттер) азаматтарын, сонымен қатар Одақты құруға және дамытуға айтарлықтай үлес қосқан өзге де мемлекеттер азаматтарын ынталандырудың бір реттік жоғарғы нысаны болып табылады. Медаль 3 дәрежелі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: