«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандық кәсіпкерлер Ауғанстанмен сауда-саттық бағытында әріптестікке әзір

2014 жылғы 27 Ақпан
8785 просмотров

Қазақстандық кәсіпкерлер Өзбекстандық әріптестерімен бірге іскерлік қарым-қатынасты орнату және отандық өнімдерді таныстыру мақсатында Ауғанстанның Мазари-Шариф қаласына барды.

Қазақстан, Өзбекстан, Ауғанстан елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту мәселері қаралған кездесуде Балх провинциясының губернаторы, сауда-өнеркәсіптік Палата басшылары, Кабулдағы ҚР елшісі мен USAID ұйымының өкілдері сөз сөйледі.

Шара «Business to Business» форматында өтті. Қазақстандық өндірушілер ұн, көкөніс майы, металдан жасалған бұйымдар мен құрылыс тауарлары және фармацевтика өнімдерін ұсынды.

Кездесуде нақты құжаттар бекітілмегенімен компаниялар арасында ынтымақстастық туралы келісімдер жасалды. Тараптар мұндай кездесуді дәстүрлі өткізуге уағдаласты. Келесі жиынды осы жылдың  күзінде  ұйымдастыру жоспарланды.

Кездесуге қатысушылар Хайратон қаласын аралап, жергілікті индустриалды парк жұмысымен танысты. Делегация мүшелерінің қауіпсіздігін жергілікті билік қамтамасыз етті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер