«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Талқылаймыз, пікірталасқа саламыз, түсінік береміз!

2015 жылғы 14 Мамыр
9176 просмотров

ҰКП жанынан құрылып жатқан жаңа сұхбат алаңы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне маманданған жетекші сарапшыларымен тұрақты сұхбатты жөнге салуға мүмкіндік береді.

Клуб отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізілетін болады. Клуб жұмысына экономика, бизнес саласындағы танымал мамандар, қаржылық талдаушылар, бизнес-тренерлер, саясаттанушылар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері қатыспақшы. Олар – Айдос Сарым, Марат Шибұтов, Андрей Чеботарев, Ғалым Байтүк.

Клуб жұмысына жоғары кәсіпқой сарапшылардың тартылуы орташа мерзімдік және ұзақ мерзімдік келешектегі қазақстандық бизнестің тиімді дамуын қамтамасыз ету бойынша креативті идеялар мен ұсыныстар кешенін дайындауға мүмкіндік береді.

Пікірталас барысында Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытудың түйткілді мәселелері қаралады, сонымен қатар оларды жеңу бойынша шешімдер дайындалады. Талқылауға арналған тақырыптар әртүрлі: (әкімшілік кедергілер, мемлекеттік сатып алулар, кредиттердің қолжетімділігі, инвесторларға арналған бизнес-климат және т.б.)

«Атамекен» пікірталас клубының алғашқы отырысы 2015 жылғы 20 мамырда өтеді. Отырыста Қазақстандағы жастар бизнесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылау жоспарлануда.

14 өңір мен Астана және Алматы қалаларында «Қоғамдық пікір» зерттеу институты өткізген Қазақстан жастарының әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын анықтау бойынша мониторингтік зерттеу қорытындысы көрсеткендей, кәсіпкерлікпен айналысу үшін жастарға батылдық жетіспейді, бастапқы капиталдың жоқтығы өз ісін бастауға бөгет жасайды, жастардың 45%-ы бастапқы қаржылай көмек болған жағдайда бизнеспен айналысуға дайын.  

Респонденттердің ойынша, жастарда қабілет пен сәйкес білімнің жоқтығы бизнеспен айналысуға негізгі кедергі болып табылады.  

Жас кәсіпкерлер өз кезегінде негізгі түйткілдерді белгілейді: жалдау ақысының жоғарылығы, салықтың жоғары жеңгейі, кредит алудағы қиындықтар. Осы түйткілдер мен әкімшілік кедергілер, олардың ойынша, Қазақстанда ШОБ дамуына бөгет жасауда.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер