«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЕРТЕҢГІ КҮНГЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІКТІ БАҒАЛАУ

2015 жылғы 13 Мамыр
- Павлодар облысы
19604 просмотров

Мектеп бітіруші түлектер үшін қарбалас кезең басталды, емтихандарды ойдағыдай тапсыру, өмірлік жолың мен жақсы көретін мамандығыңды таңдау. Қазіргі мектеп бітіруші түлектер ертеңге деген күнге сенімділікті, тұрақты  жұмыс орнын үлкен адамдардан бетер бағалайды. Оларға болашақ мамандықтарын анықтауға Павлодар обылысының Кәсіпкерлер палатасымен ұйымдастырылағна іс-шаралар көмектеседі.

Мамандықпен танысудың ең тиімді жолы - бұл компанияның және кәсіпорынның  тыныс-тіршілігін өз көзімен көру, мамандық, перспективалық өсу жайлы кәсіби мамандармен әңгімелесу.

Өңірлік палата 2015 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша өңірдің 17 кәсіпорынына 600 оқушының қатысуымен 25 экскурсия, облыс мектептері мен колледждерінің 687 оқушысы үшін 23 іс- шара (кездесу, мастер-кластар, дәрістер) ұйымдастырған.

«Мұндай іс-шаралар кәсіби бағдар беру жоспарында көмек береді. «Казэнергокабель» АҚ, «Нефтехим LTD» ЖШС, «Роса»  АҚ басшыларына аталған жұмысқа белсенді қатысқаны үшін  алғысымды білдіргім келеді. Жастарға кәсіби бағдар беру саласында оқу орындарының және кәсіпорындардың бірлескен ынтымақтастығы одан әрі дамып, нығая түседі деген сенімдемін»,- деді Палата директорының орынбасары Б.Ильясова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер