«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнесменге кеңес

2015 жылғы 13 Мамыр
- Қарағанды облысы
18769 просмотров

Мамыр айында Қарағанды облысында 240 болашақ кәсіпкер  «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында жаңа білім алады

Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-Кеңесші» жобасы бойынша үйретуші тренингтер бастау алды. Жоба  «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасы» аясында жүзеге асуда.

Екі күндік тренингте тәжірбиелі бизнес-тренерлер кәсіпкерлікті бастаудың жолдары мен әкімшілік-шаруашылық істерді жүргізудің ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Кәсіпкерлік субъектісі ретінде қалай тіркелуден өтуге болады, бизнес-жоспарды қалай сауатты құру керек және мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында қандай талаптар құрылған? Осы жайла тыңдаушылар құзіретті мамандардан біле алады.

Тыңдаушыларға тренинг аяқталғаннан кейін сертификаттар беріледі. Ол не береді?

«Бизнестің жол картасы-2020» бойынша грант алу үшін міндетті шарттардың бірі «Бизнес-Кеңесші» курсынан өткендігі туралы сертификат болып табылады. Қолында осы растамасы бар істі енді бастаған кәсіпкер жеке кепілдеме барысында несиеге үміттене алады.

Кез келген кәсіпкер, істі енді бастаған немесе жұмыс істеп жүрген бизнесмен, бәрі де жобаның қатысушысы бола алады. Тек барлық облыстарда жұмыс істейтін Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары филиалдарына өтініш беруі қажет. 

2015 жылы Қарағанды облысы бойынша «Бизнес-Кеңесші» жобасы аясында өтетін тренинг кестесі

 

КПО/КҚО атауы

Оқу мерзімі

өту орны

1

Абай ауданы

07-08.05.2015 ж.

КҚО

2

Қарағанда қаласы

13-14.05.2015 ж.

КҚО

3

Теміртау қаласы

14-15.05.2015 ж.

КҚО

4

Шахтинск қаласы

18-19.05.2015 ж.

КПО

5

Қарағанды қаласы

21-22.05.2015 ж.

КҚО

6

Сарань қаласы

22-23.05.2015 ж.

КҚО

7

Қаражал қаласы

28-29.05.2015 ж.

КҚО

8

Теміртау қаласы

28-29.05.2015 ж.

КҚО


Еншілес ұйымдар

Серіктестер