«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«KAZENERGY» қауымдастығы базасында мұнай-газ және мұнай-химия салаларының техникалық комитеттері құрылады – ҚР ҰКП

2014 жылғы 26 Ақпан
9466 просмотров

ҚР ҰКП Президиумының мүшесі Данияр Абулғазиннің төрағалық етуімен Ұлттық кәсіпкерлік палатасы Президиумы мұнай-газ Комитетінің отырыс өтті.

Комитет отырысының күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі - мұнай-газ саласын техникалық реттеу жүйесі.

Мәжілісте 80-нен астам мұнай газ және энергетикалық кешен ұйымдарын біріктіретін «KAZENERGY» қауымдастығы базасында мұнай-газ және мұнай-химия салаларының техникалық комитеттерін құру ұсынысы мақұлданды .

Сондай-ақ, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісі қарауына жіберілген Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске мұнай өнімдерінің айналымы туралы заң нормаларының бұзылуына жол берілгені үшін жауапкершілікті арттыру туралы енгізілетін ұсыныстар мақұлданды.

Отырыста отын-энергетикалық кешенді дамыту жөніндегі Тұжырымдама талқыланды. Комитет мүшелері ҚР Салық салу жүйесін терең зерделей отырып, Тұжырымдамаға толықтырулар енгізу керектігін атап өтті.  

Мұнымен қоса, сәулет және қала құрылысы, мұнай-газ саласындағы шетелдік құрылыс компанияларының қатысуымен салынатын құрылысты лицензиялау бойынша мәселелер талқы көрді.  

Комитет отырысы кемінде айына 1 рет өткізіліп тұруы тиіс. Комитет төрағасы сондай-ақ, келесі отырыста хаттамалық шешімдердің орындалуы жөнінде мәлімет дайындау керектігі туралы шешім етті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер