ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Экологиялық кодексіне өзгертулер енгізуге қатысты жекелеген мәселелер талқыланды
Үстіміздегі жылдың 21 ақпаны күні Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Ертілесованың басшылық етуімен өткен мәжілісте техногенді минералды түзілімдер бойынша ҚР Экологиялық Кодексіне өзгеріс енгізу мәселелері талқыланды.
Отырысқа ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің басшылары, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен салалық қауымдастық және жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері қатысты.
Мәжілісте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі ұсынған Экологиялық кодекстің 286-бабына енгізілуі тиіс өзгерістер мақұлданды.
Отырыста сонымен қатар, энергетикалық және тау-кен өндірістік сектор мекемелері металлургиялық шектеулер мен энергетика мәселелері бойынша заңдық құжатқа енгізілуі керек түзетулер жәйін сөз етті.
Техногенді минералды түзілімдерге салық салу мәселелері талқыланатын кезекті мәжіліс 2014 жылдың 14 наурызы күні өтпек.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: