«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбек дауларының алдын алу

2014 жылғы 25 Ақпан
9779 просмотров

 

Үкіметте ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен республикалық үжшақты комиссия отырысында әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қозғалды.

Мәжілісте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері, Ұлттық кәсіпкерлік палата және Республикалық тау-кен өндіруші және тау-кен металлургиялық  өндірістік қауымдастығы өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі қаралған негізгі мәселе – еңбек дауларының алдын-алу және ескерту жәйі қаралды.

Еңбек министрі Т. Дүйсенованың айтуынша, жалақыға қарыз көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға төмендеген. Сондай-ақ, өндірісте орын алған төтенше оқиғалар дерегі азайды. 

Премьер-министрдің бірінші орынбасары жыл басынан бері тіркелген еңбек дауларының тең жартысы жалақының уақытылы төлемеуімен байланысты.

«Күні бүгін елімізде еңбек қатынасындағы келіспеушіліктерді алдын-ала ескерту жолдары жеткілікті дамымай отыр. Әлеуметтік-еңбек дауларын тудырғаны үшін құқықтық жауапкершілік төмен», - деді Сағынтаев.

Осы мәлелердің шешімін табу үшін әлеуметтік кикілжіңдер мен әлеуметтік-еңбек дауларын болдырмау мақсатында кешенді жоспар әзірленбек.

Мәжілісті қорытындылай келе, Б. Сағынтаев жалақыға қарызды жоюмен қатар қызметкерлерге еңбекақының уақытылы төленуін қамтамасыз етуге мән беру керектігін айтты. Облыс әкімдіктеріне аймақтағы ахуалға нақты мониторинг жасау жүктелді. Сондай-ақ, өңір басшылары еңбек дауларының алдын-алу жұмыстарын жандандыруы тиіс. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер