«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҰКП миллиард теңгеге дәмелі емес

2015 жылғы 02 Наурыз
8973 просмотров

Мемлекеттің отандық өндірушілерді сауда нүктелерінде қолдамақ ниеті  Қазақстанда үлкен қызығушылық тудырды. Оның үстіне ол үшін бюджеттен бір миллиард теңге бөлу жоспарланған еді. Жекелеген БАҚ бұл ақша дүкендерде «Қазақстанда жасалған» деген тақтайшасы бар сөрелер дайындауға жұмсалады деп хабарлап та қойды. www.palata.kz өтінішімен, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева осы мәселені түсіндіріп берді.

"Еліміздегі барлық сауда желілері өз сөрелерінде отандық тауар өндіруші өнімін көп не аз мөлшерде, қандай да бір дәрежеде қоятынын ресми түрде мәлімдеймін, - деп баса айты ҰКП төраға орынбасары. – Ол сөрелерді ұсынғаны үшін толық көлемдегі жалгерлік төлемді ешкім де алайын деп жатқан жоқ. Жалгерлік төлем жоқ!". Гүлнар Құрбанбаева сонымен қатар кәсіпкерлер палатасында сауда кәсіпорындарының мүдделерін танытушы сауда желілерінен, қауымдастықтрдан алынған растаушы хаттардың бар екенін де айта кетті.  «Мұндай хаттарды қазақстандық тауар өндірушілерге тегін сауда орындарын ұсынуға дайын сауда базарларының басшыларынан да алып отырмыз», - деп хабарлады ол.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы орынбасарының мәліметінше, жергілікті тауар өндірушілер өнімдерінің көп бөлігі – бұл нан, ұннан, сүттен, еттен әзірленетін өнімдер, яғни әлеуметтік маңызы бар тауарлар. Алайда сонымен бірге зерттеулер көрсеткендей, біздің өндірушілер ірі сауда желілеріне тауарды уақытында жеткізуге үнемі қабылетті бола бермейді. «Өнім шығару мен жеткізудің ырғақтылығы бұзылған бетте, сауда орталықтарындағы сөрелер босап, олар клиенттерінен айрыла бастайды», - деп атады төраға орынбасары. Қазақстандық тауарларда жарнаманың болмауы, сауда орталықтары оралымдарының мөлшері мен олар алатын тауарлар сапасы тағы бір түйткілді мәселе болып табылады. «Бұл жерде істелетін жұмыс жеткілікті деген ойдамын. Саудалық баға қалыпты болуға тиіс», - деп атайды бизнес-қауымдастық топ-менеджері.  

Алда тұрған қазақстандықтарды қолдау жауапкершілігі Инвестициялар және даму министрлігіне жүктелді, ал «NADLoC» Жергілікті мазмұнды дамыту жөніндегі  ұлттық агенттігі» АҚ министрлік басшылығының шешімімен  осы бағдарламаның операторы болып отыр. Гүлнар Құрбанбаеваның дерегіне сүйенсек, қазірде осы бағдарламаны талқылау жүріп жатыр, ҰКП ол бойынша өз ұсыныстарын беріп қойған. «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз қызметінің аясында, «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша бейқаржылық оператор болып табылатындығына сәйкес, отандық өндірушілер үшін жан-жақты – бухгалтерлік, қаржылық, маркетингтік консультациялар жүргізуді ұсынады және бұл біздің жұмысымыз болмақшы. Өңірлік палаталар жер-жерлерде қолдау қағидасын түсіндіретін болады», - деді Гүлнар Құрбанбаева.  

Қаржылай қолдау жайлы айтар болсақ, Гүлнар ханым баса көрсеткендей, өңірлер бойынша ешқандай да ақша бөлінуі орын алуы мүмкін емес. «ҰКП бұл ақшаның провайдері бола ма, өтінімдер қалай түседі, сызбасы басқа бола ма – бұл шешілмеген мәселелер. Біз ҰКП-ның ақшаға араласпауын алға тартып отырмыз. Біз консультация беретін боламыз», - деп түйіндеді басқарма төрағасы.  

Осылайша, өндірушілерге олардың шығындарының орнын толтыру механизмдері мен көлемдері үкіметте белгіленетін болады. Жарнамаға, тауарларды тасымалдауға шығындар кете ме немесе қолдаудың басқа да аспектілері бола ма, сол жерде шешілетін болады. 

Жанар Бiрлiккызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер