Пасхаға қарсы ұйымдастырылған жұмыртқа жәрмеңкесі
Православиелік Пасха қарсаңында Қазақстанның Құс өсірушілер одағы Астанада мамандандырылған жұмыртқа жәрмеңкесін өткізуді бастамалады.
Боялған тауық жұмыртқасы аталмыш мерекедегі дастарханның сәні екені белгілі. Алайда, Құс өсірушілер одағында баса айтылғандай, бояу түсі кездейсоқ таңдалмайды, және де христиандық бейнелеменің екі мың жылдық дәстүріне сүйенеді.
Қоңыр түс Жер Ананы білдіреді.
Десек те, бүгінде пасха жұмыртқалары қасиетті түстерге ғана емес, басқа да алуан түстерге боялады, тіпті түрлі сурет, ою-өрнектермен безендіріліп жатады.
Бұрынырақта пасха жұмыртқасын сыйлаудың жеке ережелері болған еді. Өмірінің соңы жетіп қалғандықтан, егде адамдарға күңгірт түсті жұмыртқа берілген. Балаларға жасыл немесе көгілдір түстер сыйланған. Жер бетіндегі өмірді жалғайтын болғандықтан, жастарға қызыл түстілер табысталған. Меймандар келіп жатқан үй иелері егіннің мол болуын, амандықты тілеп, сары түсті жұмыртқа сыйға тартған. Пасха жұмыртқалары балалар үшін міндетті сыйлық болған (кейбір елдерде өкіл ата-анасы әкеп береді).
Жұмыртқа – қазақстандықтар тапшылық көрмейтін өнім! Қазіргі кезде еліміздегі жұмыртқа өндірісі оларға деген қажеттілікті жүз пайызға жабады. Шаруа қожалықтары мен жеке меншік аулаларды есептемегенде, Қазақстанда 35 құс фабрикасы әрекет етеді. 2014 жылы жұмыртқа өндіру 4,2 млрд. жұмыртқаны құраған. Қазақстанның Құс өсірушілер одағының болжамына сүйенсек, 2015 жылы тауық жұмыртқасын өндіру 5 млрд. данаға жетеді.
Биылғы жылы православиелік мереке 12 сәуірге түсіп тұр. Осы мереке қарсаңында Астанада 9-11 сәуір аралығында «Шапағат» базарының аумағында оннан астам отандық құс фабрикасы елорда тұрғындары мен қонақтарына қолжетімді бағамен құс шаруашылығы саласының өнімін ұсынады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: