«Алтын сапа» - біз ұмтылатын меже
Биылғы жылдан бастап «Алтын сапа» президенттік сыйлығынан заңды тұлғалар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де үміттене алады.
Ұлттық палата Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев байқау жұмысындағы аталмыш жаңа енгізілімдер жайлы хабарлап, байқауға қатысу үшін өтінім мен құжаттарды 2015 жылғы 1 шілдеге дейін тапсыру қажет екенін айта кетті.
Елбасының Жарлығына сәйкес, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Алтын сапа» президенттік сыйлығы мен «Қазақстанның ең үздік тауары» байқау-көрмесін ұйымдастырушы болып табылады.
«Президенттік сыйлықты алу үшін байқауға қатысудың басты өлшемі, ең алдымен, өндірілетін өнім, орындалатын немесе көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз ету, олардың бәсекеге қабілеттілігін көтеру, сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін қолдану саласында жоғары нәтижелерге жету, халықаралық сапа стандарттарын енгізу, сондай-ақ тұтынушылар сұрауларын қанағаттандыру болып табылады», - деді Нұржан Әлтаев.
ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары хабарлағандай, үстіміздегі жылы номинаттарды іріктейтін байқау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілген.
«Сонымен, комиссия мүшелерінің басым көпшілігі (80%) - кәсіпкерлер, салалық қоғамдық бірлестіктер өкілдері (АӨК, ТМК, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс саласы, тұтынушыларды қорғау). Комиссияның жаңартылған құрамы байқауды ұымдастыруға жаңа ұстанымдар енгізіп, лауреаттар мен байқау дипломанттарын таңдауда ашықтық пен объективтілікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деген ойдамыз», - деп атады Нұржан Әлтаев.
«Үкіметке және ҚР Президентінің Әкімшілігіне «Алтын сапа» байқауын өткізуде ашықтықты көтеру туралы ұсыныс енгізбекшіміз. Мәселен, тауар сапасына ақтық бағаны, ең алдымен, тұтынушылардың өзі беруін көздейтін тармақ енгізуге болады», - дейді ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.
ҰКП басқарма басшысының орынбасары берген ақпарат бойынша, жыл сайын «Алтын сапа» байқауында сыйлықтар үш санат бойынша және үш номинацияда табысталады:
«Ең үздік қызмет көрсетуші кәсіпорындар».
Әрбір номинация бойынша мына санаттар бойынша үш сыйлық табысталады: шағын кәсіпкерлік субъектілері, орта кәсіпкерлік субъектілері және ірі кәсіпкерлік субъектілері. Байқауға қатысушылар байқау ұйымдастырушысына байқау қатысушыларының материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережелеріне сәйкес материалдарын тапсырады.
«Қазақстанның ең үздік тауары» байқау-жәрмеңкесі үш номинация бойынша өткізіледі:
- «Өндірістік нысанадағы ең үздік тауарлар»,
- «Халыққа арналған ең үздік тауарлар»,
- «Ең үздік азық-түлік тауары».
Дипломанттар байқау эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта қолдану құқығын иеленеді.
Біршама егжей-тегжейлі ақпаратты ҚР ҰКП Әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің мамандарынан алуға болады: +7 (7172) 919 344, 919 345, 919 346.
Қарлығаш ЖҮСІПБЕКОВА
Пікір қалдыру:
Пікірлер: