«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Елордалық бизнеске арналған кредит

2015 жылғы 07 Сәуір
- Астана қаласы
10432 просмотров

Елордалық Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитовтың ойынша, Астанадағы шағын және орта бизнес үшін ең өзекті мәселелердің бірі қаржылай қаражаттың қолжетімділігі болып табылады.

Палата басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Астана қаласының әкімдігі және «Даму» Қоры» АҚ бизнесті өңірлік қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Келісімге қол қойған. Келісім аясында жергілікті бюджет және Қордың ортақ қаражаты есебінен жаңа бағдарламалар жүзеге асырылмақшы.

Олардың қатарына 1,5 млрд теңге бөлінетін франшиза тарту, ритейл желілерін (супермаркеттер, гипермаркеттер) дамыту және жетілдіру бойынша елордадағы шағын және орта бизнес жобаларын өңірлік қаржыландыру кіреді.

«Сауда секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары есебінен қаржыландырылатын салалар тізбесіне кірмейтіндігін атап өту керек. сонымен бірге, Астананың ЖӨӨ құрылымына сәйкес сауда елордадағы басымдылықты сектор болып табылады», - деп назар аударды Астана ӨКП директоры.

Мейірбек Мәжитов сонымен қатар жұртшылыққа жастарды бизнеске тарту және бәсекеге қабілетті жастар үшін жағдай жасау мақсатында елордада жастар кәсіпкерлігін дамытудың жаңа «Astana-ZhasStarT» бағдарламасы жүзеге асырылатынын хабарлады. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыруға 600 млн. теңге бөлу жоспарлануда.

«Жаңа бағдарлама өңірдегі шағын бизнесті дамытуды қамтамасыз ететіндігіне, жастарды кәсіпкерлікке тартып, жас мамандардың өзін-өзі жұмыспен қамтуына септесетіндігіне сенеміз», - деп баса айтты елордалық бизнес-қоғамдастық басшысы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер