«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық банкі басшылығына: Өтімділік қажет!

2015 жылғы 03 Сәуір
- Алматы қаласы
10674 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев реттеуші өкілдерінің назарын бизнес түйткілдеріне аударды. Ол ҚР Ұлттық банкін Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен сұхбат құруға және нарықтың шынайы түйткілдерін шешуге үндеді. Алматы қаласында кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиналыста осындай өтініштер айтылды.

Тимур Құлыбаевтың сөзіне сүйенсек, бүгінде бизнес нарықтағы теңге жетіспеушілігін ерекше сезінуде. Кредиттеу мөлшерлемесі – қазақстандық бизнес тілге тиек етіп жүрген келесі бір түйткіл.

«Кәсіпкерлер теңгелік өтімділік туралы сауал қоюда. ҚР Ұлттық банкі өтімділік пайда болуы үшін қандай да бір әрекет жасай ала ма? Қандай да бір шара қолдану қажет. Бұл жерге сіздер кәсіпкерлерге құлақ ассын деп жиналып отырмыз! Банктерді тыңдап аласыздар да, түйткілдің бәрі банктен болып отыр дейсіздер. Онда шешіңіздер, реттеуші емессіздер бе! Осы мәселемен айналысыңыз. Кредиттік мөлшерлемелерді арзандату бойынша, мемлекеттік қолдаудың бізде бар шараларын ескере отырып, қандай шаралар қолданылады?», - деп сұрады жиналыста Тимур Құлыбаев ҚР Ұлттық банкінің өкілінен.

Алматы бизнесімен өткен жиналыс кезінде реттеушінің атынан ҚР Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов сөз алды.

Ол мегаполис кәсіпкерлеріне Ұлттық банк қолданған шаралар жайлы айта келіп, ҰКП басшылығының сауалына жауап берді.

«Міндет түсінікті. Ұлттық банк осы іспен айналысуда. Ипотека нарығына араласып та жүрміз. Ұзақ мерзімге арзан қаржыландыру ұсынамыз. Алайда ұзақ қорландыру – Ұлттық банк міндеті болмауға тиіс, деп қайтадан айтамын», - деп мәлімдеді реттеуші өкілі.

«Елдегі барлық өтімділікті жинап алдыңыздар. БЖЗҚ да, Ұлттық қор да сіздерде. Барлық ұзақ өтімділік сіздердің қолдарыңызда. Кешіріңіздер, бірақ өтімділікті Ұлттық банктен алмағанда, басқа қайдан аламыз? Дегенмен біз қарап тұрады деген де сөз емес. Бұл ортақ міндет. Көмектесуге дайынбыз. Нарықпен тікелей байланыста болу үшін, Ұлттық кәсіпкерлер палатасын алаң ретінде қолдана аласыздар. Банк басқармасына не басшылығына абстрактілі есептің қажеті жоқ дейсіздер. Бізге қойылып отырған шынайы сауалдарға жауап берейік. Біз күллі өңірлерді аралап шықтық. Барлық жерде де бизнестің қоятыны бір ғана сұрақ», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев жиналыс үстінде Алматы бзнесмендеріне Ұлттық банкпен арада қол жеткізілген келісім жайлы сөл қылды. ҰКП өңірлерде кәсіпкерлер жеткізген барлық мәселелер мен түйткілдерді тікелей реттеушіге табыстайды. Ол Ұлттық банк өкіліне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырманың қаржы жүйесінің жұмысымен байланысты екенін еске салды. Бизнестің жай-күйі мен Қазақстандағы бизнес-климат Ұлттық банктің жайғасымына тәуелді болып отыр, сондықтан да теңгелік өтімділік мәселесін тез арада шешу қажет. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер