«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жүргізуші куәлігіне кедергі жоқ

2015 жылғы 01 Сәуір
3822 просмотров

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО бойынша серіктес елдерде қазақстандық жүргізушілердің отанында алған жүргізуші куәлігін тану бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің жүргізу куәлігіне қатысты заңнамасындағы қайшылықтар көлік компанияларының, жүк және жолаушылар көлігі жүргізушілерінің түйткілін тудыруы мүмкін. Түйткілдің мәні жүргізуші куәлігін тану жайлы шешілмеген мәселеде болып отыр.

Ресейде халықаралық үлгідегі ұлттық жүргізу куәліктері мойындалмайды. Сонымен бірге ресейлік өкілдер серіктес мемлекеттерден келетін кәсіпкерлер мен жалдамалы жұмысшылардың мүдделеріне қысым жасайтын шектеулер жазылған өздерінің ұлттық заңнамасы нормаларына сілтеме жасайды.

Сонымен бірге, ЕАЭО туралы Шарт ережелеріне сәйкес, әрбір одаққа мүше мемлекет өз аумағында «құрылған, сатып алынған немесе бақыланатын заңды тұлға, филиал, өкілдік, тіркелген жеке кәсіпкер қызметіне қатысты жұмыскерлерді жалдаумен байланысты шектеулерді қолданбайды және енгізбейді».

Сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕАЭО мүше мемлекеттерде бекітілген 1968 жылғы 8 қарашадағы жол қозғалысы туралы Конвенциясында келісуші тараптардың Конвенцияның 6 к қосымшасындағы ұйғарымға сәйкес келетін кез-келген ұлттық жүргізуші куәлігін мойындайтыны белгіленген.

ҰКП сарапшылары Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы Конституциялары ережелерінің халықаралық шарттардың ұлттық заңнамалар алдындағы басымдылығын көздейтінін атайды.

Ал біздің елімізде шетелдік жүргізуші куәліктерін Қазақстан Республикасы жүргізуші куәлігіне айырбастау мүмкіндігі бар. Заңнамада мынадай тәртіп көзделген. Өзге мемлекет азаматтардың ұлттық жүргізуші куәлігі ҚР ІІМ тіркеу-емтихан бөлімшелерінде сақталады да, иесі сұраған бетте қайтарылады (сонымен бірге бұрынырақта берілген қазақстандық жүргізуші куәлігі қайтарылады).

ҰКП сарапшылары түсіндіріп кеткендей, қазіргі күні РФ Ішкі істер министрлігі ЕАЭО мүше мемлекеттерде ұлттық жүргізуші куәлігін тану тәртібін реттемелейтін Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы Келісім жобасы дайындаған. Аталмыш жоба атқарушы биліктің мүдделі федералдық органдарымен келісілген және РФ Үкіметінде енгізуге дайындалуда.

Аталмыш мәселенің мәнін назарға ала отырып, ҰКП қазақстандық бизнестің мүддесін принципті түрде алға тарта отырып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр.

Қосымша:

1) «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» РФ Федералдық заңы;

2) Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңы;

3) ҚР көлік құралының сәйкестендіру номері бойынша көлік құралының жкелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу дәне есепке алу ережесі;

4) Біріккен Ұлттар Ұйымының 1968 жылғы 8 қарашадағы жол қозғалысы туралы Конвенциясы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер