«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алғыс

2015 жылғы 01 Сәуір
3306 просмотров

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың атына елімізде әрекет ететін түрлі бизнес құрылымдар мен дипломатиялық қызмет өкілдерінен алғыс хаттар келіп тұрады.

Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Доктор Кэролин Браун атынан Палатаға хат келіп жетті. Оның айтуынша, «Атамекен» ҚР ҰКП қолдауының арқасында британдық фармацевтикалық компаниялар қазақстандық нарықты емдік дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз ете алған.

ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаментінің қызметкерлері білікті консультация және шынайы көмек көрсетіп, Алматы қаласының кеденінде қысқа мерзім ішінде импортталатын дәрі-дәрмектердің үлкен тізбесін кедендік тазартуға қажет білікті шешім алуға қол жеткізген.

«Сізге алғысымызды білдіріп, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізіп отырған жұмыстың маңыздылығын баса көрсетуге рұқсат етіңіз», - делінген телеграммада.

Келесі хат «ИНКАС» Фирмасы» ЖШС директорынан келіп отыр. ҰКП Кедендік әкімшілік ету департаментінің қызметкерлері істері ҚР Жоғарғы сотында қаралып жатқан еркін қойма иелері құқығын қорғап, кеден органдарының белгілеген соманы төлеу туралы заңсыз хабарламасы жөніндегі дауды шешуге көмек көрсеткен.

«Осындай нәтижеге жетуге боларына көбісі сенбеген еді. Өз басымыздан өткен осы оқиғадан кейін әлдекімде кәсіпкерлік қызметке қатысты салмақты түйткіл туындап жатса, заңгерлік көмек және жай ғана адами қатысуды сұрап ҰКП-ға сеніммен жүгінуге болатынына көзіміз жетті. Мұнда білікті көмек аласыз, барлық түйткілдеріңіз шешіліп, әділдікке қол жеткізесіз», – деп атады «ИНКАС» Фирмасы» ЖШС Директоры Иван Пивоваров. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер