«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әркімнің азаматтық борышы

2015 жылғы 01 Сәуір
3491 просмотров

Елордалық кәсіпкерлер «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанынан қалыс қалмады.

«Астана Өнім» АҚ 27 наурызда бастау алып, 2015 жылғы 26 сәуірге дейін жалғасын табатын «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанын қолдаған елордалық алғашқы кәсіпорындардың бірі болды.

Алдағы президент сайлауына қарсы орайластырылған аталмыш науқан қазақстандық бизнесмендер және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылды.

Отандық кәсіпкерлер науқанды қолдап, өздері өндіретін өнімдерді «Әркімнің дауысы маңызды!» арнайы эмблемасымен таңдалап сатуда. Ол үшін арнайы түрде ҰКП логотипі және науқан слоганы берілген жапсырмалар (стикерлер), сондай-ақ күнтізбелер жасалып, олар сауда орталықтарында, дәмханаларда қазақстандықтарға еліміз үшін маңызды оқиғаға қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын болады.

«Науқанға қатысу – бұл әрқайсымыздың азаматтық борышымыз. Қолдау жасай отырып, елдің дамуына үлес қосамыз. Сондай-ақ отандастарымызды республикадағы басты оқиға – ҚР Президенті сайлауына қатысуға шақырамыз», - деді «Астана Өнім» АҚ бас директоры Ғалымжан Әбдіхалықов.

Кәсіпорынның негізі 1998 жылы қаланған және асыл тұқымды мал шаруашылығымен, егіншілікпен, жылқы өсірумен айналысады. Ғалымжан Әбдіхалықовтың айтуынша, жыл сайын сүт зауыты шамамен 10 тонна экологиялық тұрғыдан таза сүт өнімін өндіріп, елорда тұрғындарына сатады. «Бүгінгі таңда кәсіпорын 17 өнім түрін өндіреді. Олардың арасында ұлттық сусындар - қымыз, шұбат, құрт және ірімшік те бар», - деп қосты компания басшысы.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Мейірбек Мәжитов баса көрсеткендей, «Астана Өнім» АҚ «Атамекен» ҰКП «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанына алғаш қолдау көрсеткендердің бірі.

«Науқанның басты мақсаты – алдағы ҚР Президенті сайлауының маңыздылығын әрбір азаматқа, әрбір отандық өнімді тұтынушыға жеткізу. Отандық бизнесмендердің аталмыш науқанға осынша түсіністікпен қарағаны көңіл қуантады. Олардың қолдауы үлкен роль ойнайды», - деп атады Мейірбек Мәжитов.

Оның айтуынша, Астананың басқа кәсіпкерлері де қалыс қалмайды. Елордадағы сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақ үйлер иелері өз мекемелерінде президент сайлауына дейін қалған күнді санап отыратын күнтізбені қойып, «Атамекен» ҰКП өткізіп отырған науқанға қатысуға дайын екендерін білдіріп отыр.

Red Village Hotel – елордалық табысты қонақ үйдің бірі «Әркімнің дауысы маңызды!» науқанына алғашқылардың бірі болып қолдау көрсетті.

Бизнес-қоғамдастық пен ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандықтарды өз дауысын нақты бір кандидатқа беруге үндемейтінін, тек өз конституциялық таңдау құқығын пайдалануды ғана ұсынатынын айта кету керек.

Қарлығаш Жүсіпбекова


Еншілес ұйымдар

Серіктестер