«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мұндай еттің қажеті жоқ!

2015 жылғы 31 Наурыз
3538 просмотров

Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет Ресейден шыққан ет сынамаларынан ішек таяқшаларын, шошқа ДНҚ-сын және натрийдің жоғары құрамын тапқан.

Дүкендер мен сақтау қоймаларынан Қазақстан Республикасының техникалық реттемелеріне сәйкес келмейтін Ресейде шығарылған ет өнімдері жедел тәртіпте шығарылып тасталуда. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Биылғы жылдың наурыз айында ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитетінің аумақтық департаменттері техникалық реттемелер талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерінің 272 сынамасын анықтады. Оның ішінде 74 сынама – ет өнімі (сәйкес келмейтін сынамалардың жалпы санынан 28%-ға жуық).

Ресейлік өндірушілер ет өнімдерінің 13 сынамасында шошқа ДНҚ-сы табылған, ал өнім таңбасында оның құрамында шошқа етінің болуы жайлы мүлдем айтылмаған. Дей тұрғанмен, бұл бер жағы ғана. Сонымен, мысалы, Алматы облысындағы супермаркеттердің бірінен таңдалып алынған «Золотой пельмешек» ЖАҚ өнімінде (Алтай өңірі) ішек таяқшасының ауру тудыратын бактериялары табылған.

Бірқатар жағдайларда ресейлік пісірілген шұжықта натрийдің жоғары құрамы анықталған. Ет өнімінің 54 сынамасында өнімді таңбалау жағынан сәйкессіздік анықталған.

Облыс орталықтарының ірі супермаркеттерінде сәйкес келмейтін өнім сатылған. Қазірде Комитеттің аумақтық департаменттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дүкендерден, жеткізушілер қоймаларынан ақаулы өнімді алуды жүргізуде.

Биылғы жылдың 13 наурызында Ұлттық палата АӨК комитетінің Ауыл шаруашылық министрлігі мен Қазақстанның Құс өсірушілер одағы өкілдерінің қатысуымен өткен арнайы баспасөз конференциясында ресейлік тауық еті фабриканттарының өз өнімдерін жаңылыс әрекетпен бүлдіруге барған деректері жарияланған болатын. Баспасөз-конференциясында Ресейде шығарылған инжектирлеу белгілері бар құстың сан еттері мен тұтас еттері көрсетілген болатын (инъекциялау жолымен тұздықты және натрийдің жоғары құрамы бар басқа да ерекше қоспаларды енгізу).

ЕАЭО бойынша серіктес елдерден сапасыз өнім әкелу түйткілі бұрынғыдан да өзектеніп тұрғаны анық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер