«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әркімнің дауысы маңызды!

2015 жылғы 27 Наурыз
4004 просмотров

Бүгін президенттік сайлауалды науқаны аясында, қазақстандық бизнесмендер мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен «Әркімнің дауысы маңызды!» республикалық науқаны бастау алды. Бұдан былай барлық қазақстандық өнім сатуға алда болатын оқиға жайлы сатып алушының есіне салатын, арнайы эмблема жабыстырылып шығарылатын болды.  

«Әркімнің дауысы маңызды!» республикалық науқанының егжей-тегжейі бүгін өткен ҰКП-дағы брифинг барысында сөз болды.

- Азаматтарымыздың өз азаматтық ұстанымын танытып, азаматтық парызын өтеп, 26 сәуірде ҚР Президентін сайлауға келуі аса маңызды. Өткенде ғана елде үгіт-насихат жұмыстары бастау алып, оның аясында бүгін «Атамекен» ҰКП «Әркімнің дауысы маңызды!» деген слогандағы көлемді ақпараттық науқанның басталғаны жайлы хабарлайды. Бұл науқанның мақсаты – бизнес қоғамдастықты, әсіресе шағын және орта бизнесті белсендіру, және де сайлауға барынша көптеп қатыстыру үшін азаматтарды ағарту, - деп мәлімдеді журналистерге ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев. – Сайлауалды науқанының аясында қандай істерді тындыруды жоспарлап отырғанымызға тоқтала кетсек. Палата мүшелері – өңірлердегі кәсіпкерлердің бастамасымен бизнесмендер өндірілетін өнімді таңбалап, оны арнайы эмблемамен сатқылары келеді. Біз ол үшін ҰКП логотипі мен науқан слоганы жазылған жапсырмаларды дайындадық. Біздің кәсіпкерлер шығаратын отандық өнімде осындай стикерлер жапсырылатын болады. Сонымен қатар, бүгіннен бастап сауда орталықтарында, дәмханаларда, мейрамханаларда – барлық жерлерде біздің күнтізбелер орналастырылатын болады. Олар қазақстандықтарға еліміз үшін ерекше маңызға ие оқиғаға дейін қанша күн қалғанын ескертіп отырады.

Нұржан Әлтаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бір үміткерге дауыс беруге үгіттемейтіндігін баса айтты. Бизнес және ҰКП барлық қазақстандықтарға өздерінің конституциялық таңдау құқықтарын пайдалануларын ғана үндейді.

- Біздің басты міндетіміз: барлық азаматтарды, бірінші кезекте, кәсіпкерлерді дауыс беруге және өздерінің азаматтық ұстанымдарын танытуға үндеу, - деп мәлімдеді Нұржан Әлтаев.

«Әркімнің дауысы маңызды!» науқанын сүт өнімдерін өндіретін ірі кәсіпорындарды біріктіретін Қазақстанның Сүт одағы мүшелері қолдап отыр. Одақтың өкілдері журналистерге тағы бір республикалық науқан – «Қазақстандықты сатып ал!» жайлы еске сала кетті – және де қазақстандық өндірушіні қолдау жайлы естен шығармауды үндеді. Одақ өкілдері қолдау көрсетуші ҰКП басшылығының атына алғыс сөздермен жүгінді.

- Бүгінде сынақтар баршылық, ал бизнес тұрақтылықты ұнатады. Барлықтарыңызға сайлауға қатысуды, дауыстарыңызды тұрақтылық үшін берулеріңізді ұсынамыз, - деп атады «Қазақстанның Сүт одағы» ЗТБ Атқарушы директоры Владимир Кожевников.

«Сүт одағына» «Цесна-Астық»Концерні» ЖШС компаниясының өкілдері де қосылды. Бүгінгі таңда олардың өнімі – бұл жоғары сапа өлшемі. Компания республикалық науқанның елімізді дамытуға салмақты үлес қосуға сеп боларын мәлімдеді. 

- Біз белсенді өмірлік ұстаным иелеріміз. Және де сайлау – бұл өзіміздің белсенді ұстанымымызды көрсете алатын кезең. Аталмыш науқан арқылы барлық қазақстандықтардың есіне елімізде әркімнің пікірі мен дауысы маңызды екенін салғымыз келеді, - деп мәлімдеді «Цесна-Астық» Концерні» ЖШС маркетинг бөлімінің бастығы Екатерина Шипилова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер