«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Арал маңының инвестициялық мүмкіндіктері зор

2015 жылғы 30 Наурыз
- Қызылорда облысы
11462 просмотров

ҰКП Басшысы Тимур Құлыбаев Өңірлік кеңес отырысында сөз ала отырып, Арал маңының әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктеріне жағымды баға берді.

«Облыс барлық өлшемдері жағынан республикадағы көшбасшы орынды алады. Бұл әлеуметтік қамсыздандыруға да қатысты, инфрақұрылымды дамыту жобаларына да қатысты. Қызылорда  аса ірі көлік хабына айналды - автожол, темір жол, транзитті газ құбыры – осының барлығы өңірдің ауқымды дивидендтер алуына мүмкіндік береді», - деп атады Тимур Құлыбаев.

ҰКП Басшысының сөзіне сүйенсек, «Батыс Қытай-Еуропа» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырлары желісінің болуы және көмірсутектердің көзі Қызылорда облысының 75%-на дейін газдандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, облыс әкімдігі 7 ірі инфрақұрылымдық жоба бойынша Еуразиялық Даму Банкімен, Азия Даму Банкімен, Ислам Даму Банкімен келіссөздер жүргізуде.

«Бұл, біріншіден, жергілікті кәсіпкерлер үшін құрылыс индустриясында үлкен мүмкіндіктер береді; екіншіден – жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігінен дәмелендіреді», -  деп атады Тимур Құлыбаев.

ҰКП Басшысы қазірде өңірде «көліктік қысылудың» жоқтығын, және де дамыған инфрақұрылым болуы инвестор үшін өңірдің тартымдылығын арттыратындығын атады. Сонымен қатар, облыс экономикасына «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша қосымша мемлекеттік қаражат құяды.

«Біздің міндет – бірлескен жобаларды жүзеге асыру, және де біз Ұлттық палата тарапынан сервистік қолдау көрсететін боламыз, яғни рұқсат құжаттарын алуда, даму институттарымен келіссөздер жүргізуде және т.б. көмектесеміз», - деп сендірді кәсіпкерлерді Тимур Құлыбаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер