«Атамекен» - дәстүр және заман
27 наурыз күні қазақстандық бизнес үшін атаулы оқиға орын алды. Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ресми қайта тіркелуі орын алды. Демек, бұдан былай Палата мирасқорлық құқығына ие болып, биліктің атқарушы және заң шығарушы тармақтарының тең құқылы серіктесі ретінде отандық кәсіпкердің мүддесін қорғамақшы.
2013 жылғы 9 қыркүйекте «Атамекен» Ұлттық экономикалық палатасы ел Үкіметімен бірге Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қазіргі мәртебесінде тең құрылтайшысы болғаны белгілі. Алайда Қазақстанның кәсіпкерлік қауымының барлық өкілдері бірдей бұрынғы атаудан айрылуға келіспеген болатын. «Атамекен» сөзі жоғары азаматтық мағынаға ие.
- «Атамекен» Елбасының тапсырмасы бойынша құрылды және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өсіп шыққан іргетасқа айналды, - деп мәлімдеді 2014 жылғы 23 маусымда өткен палатаның ІІ съезінде сөйлеген сөзінде ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев. – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнес-қоғамдастықты шоғырландыру бойынша, кәсіпкерлер құқығын ұсыну және қорғау бойынша көрсеткен зор нәтижелер – бұл біздің «Атамекен» ҰЭП тұсында қол жеткізген жетістіктер мен табыстарға негізделіп отырғанымыздың нәтижесі. Сондықтан да «Атамекен» Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы деп Ұлттық кәсіпкерлер палатасы атауына толықтыру енгізу ұсынысы туындап отыр.
Бұрынғы атауды алу – негізгі және маңызды оқиға. Бұл дегеніміз қазіргі палатаның отандық бизнесмендердің құқықтарын қорғаушылардың алдында өткен буыны дәстүрлеріне мирасқорлығын білдіреді, сонымен қатар биліктің барлық деңгейлерінде кәсіпкерлердің экономикалық мүдделерін өркендетуге үнделген ұйым ретіндегі ҰКП мәртебесін легитимдейді.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы — бұл коммерциялық емес ұйым. ТМД-ның басқа елдерінде оған ұқсайтын ұйым таба алмайсыз. ҚР Үкіметімен және мемлекеттік органдармен бизнестің келіссөздік қуатын күшейту үшін құрылған Кәсіпкерлер палатасы ішкі және сыртқы сауданы қоса алғанда, кәсіпкерліктің барлық салаларын өз қызметімен қамти отырып, шағын, орта және ірі бизнестің мүддесін ұсынады. Ұлттық палата қызметі іскерлік, инвестициялық климатты жақсартуға, тұрақтылыққа, елімізде ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін бизнес жүргізу жағдайын дамытуға бағытталған.
Алайда Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті бизнестің құқығы мен мүддесін қорғау ғана емес, сонымен бірге барлық кәсіпкерлердің бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік ережелерін қалыптастыру процесіне тартылуын қамтамасыз ету болып табылады. «Отандық бизнестің белсенділігін ояту, оған өз күшін сезінуге көмектесу – міне біздің міндет!» - деп сан мәрте қайталаған еді Елбасы.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: