«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Жеке меншік бизнес – Қазақстанның даму басымдылығы

2015 жылғы 21 Наурыз
3320 просмотров

Таразда ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Ұлттық палата басшысы бизнес-қоғамдастық алдында сөз ала отырып, кәсіпкерлікті дамытудың экономиканы әртараптандырудағы басымдылықтардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Елбасы «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөйлеген сөзінде жуықтағы бірнеше жылда жүргізілетін жұмыстардың бес бағытын жариялаған еді. Екі бағыт тікелей кәсіпкерлікті дамытуға қатысты. Жалпы, кәсіпкерліктің қоғамдағы қозғаушы күш екеніне ерекше назар аударылған... Және де бұның экономиканы әртараптандырудағы басымдылықтардың бірі болары анық», - деп атады Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның негізгі экспорттық тауары – мұнай бағасы құлдырап отырған жағдайда – отандық экономиканың басты тірегі ретіндегі жеке бизнес ролі өсе береді.

«Елбасы бірқатар контрциклдық шаралар жариялады. Онда жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін және Қазақстан экономикасы өсуінің жағымды ырғағын сақтау үшін, кәсіпкерлерге негізгі рольдердің бірі беріледі», - деп көрсетті ҰКП Төралқа Төрағасы.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі біршама табысты болды: жаңа кәсіпорындар қатарға енгізіліп, жаңа жұмыс орындары құрылды. ҰКП басшысы түрлі бағдарламалар бойынша кәсіпкерлікті қолдау үшін Ұлттық қордан 1 триллион теңге бөлінгенін еске салды. Оның бір бөлігі қаржы секторын сауықтыруға барады, келесі бөлігі – түрлі даму институттары арқылы. Ендігі жерде жергілікті атқару органдары мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының міндеті бұл қаражаттың «кадрлармен және ресурстармен қамтамасыз етілген лайықты жобаларды» (Өңірлік индустрияландыру картасының – ред. еск.)  қолдауға жұмсалғанын бақылау.

«Біз кәсіпкерлікті тексеру органдарының араласуынан қорғау, жемқорлық схемалары мүмкіндіктерін барынша азайту үшін, кәсіпкерлер мен мемлекет әрекеттестігі процедураларын жеңілдету үшін, күшімізді шоғырландыруға тиіспіз», - Тимур Құлыбаевтың ойынша, дәл осы міндет мемлекеттік органдар мен өңірлік кәсіпкерлер палаталарының бірлескен жұмысында басты болып табылады.

Жамбыл облысына жасаған сапарда басты тақырыптардың бірі – өңірлік Индустриялық даму картасын қалыптастыру жайын қозғай отырып, Тимур Құлыбаев былай деді:

«Өңірлік даму картасына жаңа жобаларды, өндірісті кеңейтуді, жетілдіруді қосу қажет. Мемлекет даму институттары арқылы сіздерге жаңа жобалар үшін қаржылық қолдау көрсетеді. Әкімдіктер инфрақұрылымымен де, рұқсат ету құжаттамасымен де және т.б. толығымен қолдайды».

«Біз Ұлттық палата тарапынан сіздерді жаңа жобалар үшін шешілуі қажет барлық әкімшілік мәселелер бойынша міндетті түрде қолдаймыз. Осы бағытта біршама белсенді жұмыс жасайық», - деп үндеді Қазақстанның ҰКП Төралқа Төрағасы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер