Қиын кезде бизнеске көмек қажет
Таразда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың, Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен өткен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысында отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары мен өңір бизнесмендерінің түйткілдері талқыға түсті.
Жамбыл облысында шағын және орта бизнестің 44 мыңнан астам субъектісі жұмыс жасайды – өңір басшысы Кәрім Көкірекбаев осындай деректер келтірді.
«Қазіргі қиыншылықты жағдайда дәл осы шағын және орта бизнес тұрақтандырушы ретінде орын ала алады, сондықтан да қоғам мен мемлекеттің ерекше назарына арқа сүйеуге құқылымыз», - деп мәлімдеді облыс әкімі.
Ірі компаниялар мен шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында меморандумдар мен келісім-шарттарға қол қою жолымен тауарлар мен қызметтер сатып алуларында қазақстандық мазмұн үлесін ұлғайту, оның ойынша, дағдарыс жағдайында кәсіпкерді қолдау тетіктерінің бірі болып табылады.
«Бүгінде өңір кәсіпорындарының арасында жалпы сомасы 30 миллиард теңгеге 348 меморандум жасалып отыр», - деп атады Кәрім Көкірекбаев.
Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы қызметінің тоғыз басымдылықты бағыты бойынша жасалып жатқан жұмыс барысы жайлы баяндамамен палата директоры Асан Қошмамбетов сөз алды.
«Палата барлығы 811 өтінішті қарады, оның ішінде 360 – кәсіпкерлерді құқықтық қолдау желісі бойынша. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде кәсіпкерлер 504 миллион теңгеден астам сомадағы өндірістік емес шығындардан босатылды. Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің сегіз отырысы өткізіліп, онда 22 қаралды, оның ішінде 19 мәселе толығымен шешімін тапты».
Ол бизнесмендердің табыспен шешілген түйткілдеріне біршама толық тоқталып кетті. Сонымен, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 27 млн теңге мөлшеріндегі айыппұл шараларын төлету жайлы талап-арызы бойынша азаматтық істі қарау кезінде «Попов» жеке кәсіпкерлігіне сотта мүддесін танытуда көмек көрсетілді. Сот шешімімен компания талабын қанағаттандырудан бас тартылды.
«Тұрдыева» ЖК және басқа кәсіпкерлер Палата араласуының нәтижесінде 10 млн теңгеден астам сомадағы шығындардан босатылды. «Достық-99» шаруа қожалығына бұрындары жергілікті атқару органы заңсыз алып қойған 500 гектардан астам жер телімі қайтарылды. Облыс кәсіпкерлері толғақты түйткілдері жайлы айтып берді. «Жамбылгипс» АҚ басқа да көптеген қазақстандық кәсіпорындар сияқты бүгінде Ресейдегі рубль девальвациясы мен бәсекелестердің біршама төмен бағаларына байланысты қиындық көруде. «Біздің гипсті картон Ресейде кеңінен танымал, алайда биыл рубль курсының құлдырауы салдарынан экспорт толығымен тоқталды», - деді «Жамбылгипс» АҚ вице-президенті Болат Таласбаев. – «Бұрындары Қазақстан нарығына кіруді де ойлай алмаған гипсті картон өндірушілердің қымбат брендтері қазірде Шымкентке де жетіп қалды. Тіпті көлік шығындарын ескергеннің өзінде, олар біз шығаратын тауардың өзіндік құнынан арзан болып шығады».
Тимур Құлыбаев өңірдегі бизнес-қоғамдастық өкілдерінің сөзіне құлақ асып, олардың түйткілдерінің байыбына жете қанықты. Оның ойынша, жергілікті өндірушіні қолдаудың тиімді шараларының бірі оның мемлекеттік сатып алулардағы мүддесінің басымдылығы болып табылады. Ортақ тең жағдайда мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар басымдылықты тәртіпте отандық тауар өндірушілермен келісім-шарттар жасасуға міндетті. Және де Ұлттық палата бұл мәселені бақылауына алады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: