«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтөбеде Өңірлік іскер әйелдер кеңесі құрылды

2015 жылғы 25 Наурыз
- Ақтөбе облысы
11239 просмотров

Ақтөбе облысында өңірлік Кәсіпкерлер палатасында Іскер әйелдер кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Талқыланған басты тақырып қазіргі заманғы жағдайдағы әйелдердің әлеуметтік-экономикалық мәртебесін өзгерту түйткілі болды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан кәсіпкерлікті дамытуда қаржы құралдары мен жаңа технологияларды тиімді қолдану арқылы әйелдердің бизнес-белсенділігін көтеру міндетін алға қойып отыр.

Қазақстанның 16 облысында осы міндетті орындау үшін өңірлік Іскер әйелдер орталықтары құрылады. Ақтөбелік кеңес үшінші болып ашылып отыр (алғашқысы Атырау облысында құрылған болатын).

«Біз Өңірлік кеңестің ауыл, облыс және республикадағы іскер әйелдерді біріктіруші өзінше көпірге айналғанын қалаймыз. Әйелдерді, әсіресе көп бөлігі «өзін-өзі жұмыспен қамтушылар» деп аталатын санатқа жататын ауылда, экономикалық тұрғыдан өркендету мәселелеріне үлкен назар аударылмақшы. Атап айтқанда, ісін бастаушы кәсіпкерлерге арналған оқыту тренингтері, семинарлар ұйымдастырылады», - деп атады ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова отырысты аша отырып.

Өңірдегі Іскер әйелдер кеңесін Ақтөбедегі «Қазақстанның Халық банкі» АҚ директоры Апуажан Төлегенова басқарады. Ол өз тарапынан бизнестегі әйелдер бастамасын дамыту үшін бар күшін салатынына уәде берді.

«Әйелдер кәсіпкерлігінің өңірлік ерекшеліктерін анықтап, өсу нүктелерін белгілеп қана қоймай, әлсіз жақтарды да көрсетуге тиіс көлемді зерттеу жүргізілетін болады», - деп жоспарларымен бөлісті Апуажан Төлегенова.

Қоғамдық ұйым төрағасы Құралай Бәйменова Іскер әйелдер кеңесін құру бастамасы үшін Ләззат Рамазанова тұлғасындағы ҰКП-ға алғыс айтты және бизнес өкілдеріне жүгіне отырып, былай деді:

«Мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуетін қолдану үшін, бар күшімді саламын. Бүгінде ақтөбелік 17 мүгедек әйелдің өз ісі бар. Кәсіпкер әйелдер сіздің бастамаңызды қолдайды. Олардың биіктерден көрінетініне сенімдімін», - деді ол.

«Ақтөбе облысында құрылған Өңірлік іскер әйелдер кеңесі әйелдерді кәсіпкерлік қызметке барынша тарту, қоғамымыздағы барлық қызмет салаларында гендерлік көрсеткіштерді жақсарту жолындағы механизмдердің бірі болады», - деді Ләззат Рамазанова отырысқа қорытынды жасай отырып.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер