«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ С.АХМЕТОВ ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2014 жылғы 20 Ақпан
9345 просмотров

ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесті.

Кездесуге орталық атқарушы органдар, ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР Үкімет басшысының ресми сайты.

Кездесу барысында ұлттық валюта бағамына енгізілген түзетулерге байланысты кәсіпкерлік саланы дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кеңесте ҰКП комитеттерінің және салалық қауымдастықтар басшылары сөз сөйледі. Тараптар диалог барысында экономиканың басымдық салаларында макроэкономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты одан әрі сақтау бойынша пікірлермен бөлісті. 

Премьер-Министр кездесуді қорытындылай келе, кездесуде көтерілген мәселелер өте маңызды екендігін, Үкімет барлық ұсыныстарды жете қарастыратынын атап өтті.

«Барлық мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады, олардың көпшілігі бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен кеңесетін боламыз», - деді С. Ахметов. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер