Тимур Құлыбаев: Қаражат нысанасына жетуге тиіс
Өскеменде ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысы өтуде.
Тимур Құлыбаев аталмыш кездесудің бизнесмендермен ашық та әділ сұхбат екенін баса айтты. Бұл отырыс мұнай бағасының түсуі, РФ-ға қарсы ықпалшаралар және рубль девальвациясы, сонымен қатар ЕАЭО бірыңғай нарығы жұмыс жасау жағдайындағы отандық кәсіпорындардың ахуалын анықтауға қажет.
«Бұл жыл оңай басталған жоқ», - дейді ҚР ҰКП Төралқа басшысы. – «Мұнай – Қазақстан үшін салмақты экспорттық сала, сондықтан да көмірсутектер бағасының түсуі қазақстандық экономиканың пайдасына болмайды. Алайда ҚР Президенті дағдарысқа қарсы шаралар аясында 1 триллион теңге құю туралы шешім қабылдады. ҰКП міндеті осы кезеңде отандық өндірістерді қолдауға және бизнесті кредиттеуге бағытталған қаражатты төрешілдіксіз, жемқорлықсыз нысанасына жеткізу, сонымен қатар ақырында өндірісті жетілдіруге, жаңа жұмыс орындарын құруға – тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Ол үшін ҰКП уәкілеттігі пен мүмкіндігі жетерлік. Палата жұмыс жасағалы бір жылдан сәл асты, алайда барлық облыстарда филиалдары құрылып үлгерді. Бұл жылдам кері байланысты қамтамасыз етеді. ҰКП жер-жерлердегі бизнесмендердің түйткілдері жайлы хабардар болып отырады».
Кәсіпкерлік – Шығыс-Қазақстан облысының қуатты бөлігі. Бизнеспен 250 мыңға жуық адам айналысады. Олар бюджетке жылына 140 миллиард теңгеден астам соманы әкеледі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: