«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оңтүстік Қазақстан облысы бизнесі жағымды әрі іскерлік ауан алуда

2015 жылғы 20 Наурыз
- Шымкент қаласы
12748 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Индустрияландыру картасы қатысушыларының Түйткілдер тізілімін жасау қажеттігі жайлы сөз қылды.

«Палата отандық бизнесті дамытуға бағытталған кез-келген жобаны қолдауға және оның дамуын тежеп отырған түйткілдерді шешуге көмектесуге дайын», - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов 2014 жылы Палатаға құқықтық қорғау жөніндегі 166 өтініш келіп түскенін, оның ішінде 80 мәселенің оң шешім тапқанын баян етті.

«Өтініштер көбінесе жер қатынастары және жер қойнауларын пайдалану саласындағы құқықты қорғауға қатысты болды – 42%. Екінші орында – заңсыз тексерістер және қылмыстық, әкімшілік істер – 26%. Үшінші орында – екінші деңгейлі банктер арқылы қаржыландыру түйткілдері», – деп хабарлады Жеңісбек Дулатов – «ОҚО негізгі түйткілі облыстағы электр энергиясы құнының жоғарылығы мен тапшылығы болып табылады. Облысқа шамамен 250-300 мВт электр энергиясы жетіспейді (қажеттілік 400 мВт болған жағдайда). Қолданыстағы ЖЭО – 3 және Шардара Мемлекеттік Аудандық Электр станциясын екі есеге жетілдіру ұсынылуда. Сонымен қатар электр энергиясына алдын ала төлем жасау мәселесі ұзақ уақыт алға тартылып, өңірлік палата араласуының арқасында шешімін тапқан еді. Кәсіпкерлерді табиғи газды пайдаланғаны үшін белгіленген тарифтің жоғары болуы да алаңдатады».

Өңірлік кеңес отырысына оңтүстік-қазақстандық бизнесмендер де шақырылып, олар да бизнесті дамыту түйткілдерімен бөлісті.

Сонымен, «Еврокристалл» ЖШС директоры Әлімжан Бегалиев Ресей Федерациясындағы девальвациялық процестерге байланысты отандық өндірушілердің өнімдерін өткізуде қиындық шегіп жүргенін, бұның ағымдағы қызметті жүргізу үшін айналымдық қаражат жетіспеушілігіне әкелетінін хабарлады. Екінші деңгейлі банктер ағымдағы өтімділік тапшылығын бастан өткере отырып, жаңа жобаларды қаржыландыру жағын былай қойып, бұрындары жасалған кредиттік келісімдер бойынша қаржыландырудан бас тартуда. Сондықтан да ол бизнес үшін қолайлы ақырғы мөлшерлеме бойынша ЕДБ өтімділігін қамтамасыз етуге жәрдемдесуді сұрайды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландыру алған кәсіпкерлер үшін қаржы институттарының алдында негізгі қарызды жабу бойынша мерзімдерін ұзарту ұсынуды да сұрайды.

Төле би ауданындағы шаруа қожалының басшысы Әшірбеков Қанай «Максимум» өңірлік инвестициялық орталығына республикалық бюджеттен АӨК қаржыландыруға қаражат бөлу мәселесін шешуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қолдау үшін кредиттерге кепілдік беру қорын құруды сұрады.

«TectumEngeneering» ЖШС директоры Омаров Руслан отандық өндірістегі құрылыс материалдары бағасының импорттықтан көп ерекшеленуіне орай, бюджеттік қаражат есебінен нысандар салып жатқан бас мердігерлердің құрылыс материалдарын арзанырақ жерлерден сатып алатындығын жеткізді. Олар үшін стандарттар (МЕМСТ, стандарттар, өлшемдер және т.б.) және ЖСҚ сәйкестігі басты фактор болып табылады, себебі нысандарды салу кезінде таңдау құқығы мен материалдар сатып алу мердігерлер қолында болады.

Сондықтан да ҚР заңнамасында бюджеттік нысандардың бас мердігерлерін отандық құрылыс материалдарын сатып алуға міндеттейтін нормаларды көздеу қажеттігі жоқ емес. Ол сонымен қатар материалдық қорлардың мемлекеттік қоры базасында құрылыс материалдарының сақтық (тұрақтандыру) қорын құруды ұсынды.

Тимур Құлыбаев осы және басқа да түйткілдерді өз қарауына алып, кәсіпкерлер көтерген мәселелердің қазіргі қажеттілігін атады.

«Жалпы бизнес пен экономиканың толғақты міндеттерін шешуге бағытталған шынымен де іскерлік мәселелер көтерілді, - деді ол. – Бұл оңтүстік бизнесінің аса жағымды әрі іскер ауан алғанына дәлел болады. Және де оңтүстік-қазақстандық бизнестің ел экономикасында көшбасшылық жайғасым алуына мүмкіндігі барына сенімдімін», - деп түйіндеді ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер