«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әлеуметтік стандарт – бизнестің негізі

2015 жылғы 20 Наурыз
4114 просмотров

Астанада өткен халықаралық конференцияда бизнесті жауапкершілікпен жүргізу стандарты талқыланды. Бизнесті жауапкершілікпен жүргізу стандарттарын өркендету саласындағы негізгі халықаралық тенденциялармен және мемлекеттік саясаттың сәйкес құралдарын дайындаумен байланысты мәселелер пікірталасқа қатысушылар санын арттыра түсті.

Конференцияны Құқықтық саясатты зерттеу орталығы, Орталық Азиядағы БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Almaty Management University өткізді. Конференция Құқықтық саясатты зерттеу орталығының Астанадағы Ұлыбритания елшілігі қолдау көрсеткен «Қазақстандағы мемлекеттік саясат және кәсіпкерлік тәжірибенің қалыптасу процесіне адам құқықтары аспектісіндегі кәсіпкерлік қызмет туралы БҰҰ басшылыққа алынатын қағидаттары ережелерін енгізу» жобасының аясында ұйымдастырылды.

Қатысушылар бизнесті жауапкершілікпен жүргізу стандарттарын жүзеге асыру бойынша халықаралық және ұлттық шаралар, Қазақстанда осы мәселелерді реттеудегі негізгі тәуекелдер мен кемшіліктерді бағалау және басқа да бірқатар тақырыптарды қарастырды. Конференция бизнесті жауапкершілікпен жүргізу стандарттары, соның ішінде адам құқығын сақтау тұрғысынан Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті реттеу тақырыбындағы көпшілікке арналған іс-шаралар топтамасының жалғасы болып табылды. Конференцияға қатысушылар көптеген дамыған елдерде бизнесті жауапкершілікпен жүргізудің ерікті тәжірибе ғана емес, міндетті болып табылатынын атап өтті.

ҚР ҰКП Әлеуметтік сала және әлеуметтік әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов бизнес-құрылымның әлеуметтік жауапкершілікті дамыта отырып, елдің инновациялық дамуына септесетіндігін, өз жұмысшылары үшін де, азаматтар үшін де өмір сапасы мен әл-ауқат деңгейін көтеру үшін жағдай жасайтынын атады.

Құқықтық саясатты зерттеу орталығының басшысы Татьяна Зинович елімізде «бизнесті жауапкершілікпен жүргізу саласындағы стандарттарды өркендету бойынша келісілген мемлекеттік стратегия жоқтығын» атады.

«Осыған орай Қазақстан, мысалы, Ұлыбритания, Нидерланды, Дания, Испания, Германия, АҚШ және басқалары сияқты, қазірде бизнесті жауапкершілікпен жүргізу жөніндегі Ұлттық әрекет жоспарын жүзеге асыруға немесе дайындауға кіріскен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттер тәжірибесін үлгі ете алады. Біз сәйкес мемлекеттік органдар, бизнес қоғамдастық және қоғамдық ұйымдарды осы құжатты дайындау үшін әріптестікке шақырамыз» - деп қосты сарапшы.

Конференция жұмысына мемлекеттік органдар, бизнес қауымдастықтар, үкіметтік емес ұйымдар, халықаралық сарапшылар қатысты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер