Тараздың іскер әйелдері бірігуде
Таразда Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі құрылған. Кеңестің алғашқы отырысы бүгін ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанованың қатысуымен өтті.
Жамбыл облысы Атырау облысынан кейін Іскер әйелдер кеңесі құрылған екінші облыс болып отыр. Кеңес мүшелері – өңірдегі танымал және табысты бизнес-ледилер төрағаны сайлады. «Банк ЦентрКредит» АҚ Жамбыл филиалының басшысы Қарлығаш Аралбекова басшы болды.
Кеңес іскерлік ортаға әйелдер қатысуын ұлғайту үшін, сондай-ақ ісін бастаушы кәсіпкерлердің өз ісін ашуына көмек үшін олардың белсенділігін көтеру және күшін шоғырландыру мақсатында облыстың кәсіпкер әйелдерін біріктіреді.
Дәл осы оңтүстік өңірлерде кәсіпкер әйелдер белсендірек, алайда оларға үнемі қосымша қолдау қажет, - деп атады Ләззат Рамазанова. – Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да өз тарапынан көмек көрсетуге дайын. 2015 жыл Ұлттық палатада өңірлер жылы ретінде белгіленген. Күллі елдің жетістігі өңірлердің экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатына тікелей тәуелді, ал бұл жер-жерлердегі белсенділік пен жұмыс өнімділігіне тәуелденеді».
Кеңестің ең маңызды міндеті ауылдық бизнесвумендерді қолдау және оқыту тренингтері, семинарлар, консультациялар өткізу арқылы, ұйымдастыру, әдістемелік және ақпараттық жәрдемдесу, сондай-ақ перспективалы бизнес-идеялар мен жобаларды жүзеге асыру көмегімен олардың іскерлік белсенділігін арттыру болмақ.
«Кәсіпкер әйелдерді қолдайтын мұндай орган алғаш рет құрылып отыр, - деді Жамбыл облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы Гүлдара Нұрымова. – бұл қажетті және уақытылы шара. Кеңес жұмыста көмекке, қорғауға және қолдауға бағытталған. Қазіргі заманғы кәсіпкер-әйелдің мойнында бизнес қана емес, отбасы мен балалар да өмір сүреді. Ұлттық палатаның бастамасына сенемін, себебі бұл ұйымға бірнеше мәселемен өзім де жүгінгенмін, олар да түйткілдерімді шешуге көмектесті. Ұлттық палата қолдауымен өз ісін ашқысы келетін және аша алатын қазақстандықтардың белсенділігіне сенімдімін».
Пікір қалдыру:
Пікірлер: