Тасымалдаушыға алдын-ала ақпараттандыру жайлы
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ЕАЭО кедендік аумағына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдары жайлы алдын ала ақпараттандыру механизмі жайлы өз ойын білдіреді.
Мәселеге қысқаша сипаттама. 2010 жылғы 21 мамырда Кедендік одақ аясында мүше мемлекеттер «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары жайлы алдын ала ақпарат беру туралы және алмасу туралы келісімге» қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес тасымалдаушылар кедендік аумаққа тауарларды әкелген кезде КО мүше мемлекеттер кедендік органдарына әкелінетін тауарлар, уақыты және олардың келетін орны, т.б. алдын ала ақпарат ұсынады.
Алдын ала ақпараттандыру процедурасы әкелінетін тауар жайлы мәліметті кедендік аумаққа болжамды келуге дейін екі сағат бұрын беруде болып отыр. Бұны кез-келген ақпараттық жүйе немесе кеден органдарының веб-порталына тіркелген соң, осының көмегімен жасауға болады. Мұндай ақпарат беру міндеттілігі, сондай-ақ мәліметтер көлемі Еуразиялық экономикалық комиссия Шешімдеріне сәйкес көлік түріне байланысты белгіленеді.
Сонымен бірге, жеке тұлғалардың жеке қолданыс үшін алып өтетін тауарлары мен көлік құралдарына; халықаралық пошта жөнелтілімдерінде жіберілетін тауарларға; Кодекстің «Тауарларды шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттарының алып өту ерекшеліктері» (дипломаттар арасынан) 45 тарауына сәйкес шетелдік тұлғалардың жекелеген санаттары алып өтетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты міндетті тәртіпте алдын ала ақпарат беру талап етілмейді. Сонымен қатар табиғат апаты, апаттар салдарын жою үшін апарылатын тауарлар мен көлік құралдары, және де әскери жүктерге қатысты ақпарат ұсыну талап етілмейді.
Алынатын ақпараттың құпия сипатта ғана болатынын және тек қана кедендік мақсатта қолданылуға тиіс екенін атап өту керек.
Қазірде автомобиль және темір жол көлігінде міндетті алдын ала ақпараттандыру енгізілген. Бұл мәселе «Кеден одағының кедендік аумағына автомобиль көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» және «Кеден одағының кедендік аумағына темір жол көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» Кеден одағы Комиссиясының Шешімімен реттеледі.
Осы құжаттарға сәйкес тасымалдаушы Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына тауар туралы алдын ала ақпаратты оларды әкелгенге дейін екі сағат бұрын ұсынады. Автомобиль және темір жол көлігінде ұсынылуы қажет алдын ала ақпарат мәліметтерінің көлемі аталмыш құжаттармен белгіленген.
Сонымен бірге, ЕАЭО мүше мемлекеттер мен бизнес-қоғамдастықтар өкілдері қазіргі кезде 2016 жылғы 1 қазаннан бастап енгізу жоспарланып отырған «Кеден одағының кедендік аумағына әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыруды енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Шешімі жобасын келісу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Шешім жобасына сәйкес Одақтың кедендік аумағына әуе көлігімен тауар әкелуді жүзеге асырушы тасымалдаушы сонымен қатар кедендік органға әкелінетін тауар туралы алдын ала ақпарат ұсынады.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, әуе жүк тасымалдаулары кезіндегі құжаттардың негізгі түрлері жүкті жөнелтуші рәсімдейтін және авиа тасымалдаушыға берілетін авиажүктің жөнелтпе құжаты мен жүк мағлұматы болып табылатынын атап өту керек. Аталмыш мәліметтер толықтығы және сәйкестігі үшін жүкті жөнелтуші жауапты болады. Сонымен бірге, авиатасымалдаушылар авиажүк жөнелтпе құжаты мен жүк мағлұматындағы деректерге сәйкес өзінде бар мәліметтер көлемінде ғана ақпарат беруі мүмкін.
Осыған орай, ҚР ҰКП Шешім жобасына КО СЭҚ номенклатурасы белгілерінің кез-келген саны деңгейіндегі кедендік тауар туралы (сонымен бірге топтама ішіндегілер) немесе физикалық өлшем бірлігіндегі тауар саны туралы (брутто (кг) және нетто (кг) салмақ немесе көлем) алдын ала ақпарат кеден органына ондай ақпарат болған жағдайда ғана ұсынылатыны туралы нақтылау енгізуді ұсынды. Қазақстан Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аталмыш ұстанымы ескерілді.
Кеден одағының кедендік аумағына теңіз көлігімен әкелінетін тауарлар туралы міндетті алдын ала ақпараттандыру енгізу мәселесі Су көлігі жөніндегі кіші комитет отырыстарында және Еуразиялық экономикалық комиссия алаңындағы жиналыстарда бірнеше мәрте талқыға түсті. Қазірде теңіз көлігінде алдын ала ақпараттандыруды енгізудің ерте болуы салдарынан осы мәселе төңірегінде, сонымен бірге ұсынылатын мәліметтер тізбесін белгілеу бойынша консультациялар жүргізілуде.
Кәсіпкерлердің барлық қызығушылық тудырып отырған мәселелер бойынша ҚР ҰКП Экономикалық интеграция департаментіне мына телефонға хабарласуын сұраймыз: +7 (7172) 919-373.
Қосымша:
Пікір қалдыру:
Пікірлер: