«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Асқар Мамин ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағасы болып сайланды

2014 жылғы 20 Ақпан
9416 просмотров

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасының орынбасары Мейрамкүл Дүзбаеваның қатысуымен Көлік, логистика және байланыс комитетінің екінші отырысы өтті. 

Отырыста Көлік, логистика және байланыс комитетінің төрағалығына ҚР ҰКП Төралқы мүшесі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин сайланды.

Отырыс барысында теміржол, авто көлік және су көлігі, көліктік логистика, азаматтық авиация және байланыс мәселелері бойынша 6 кіші комитеттер құрылды. Бір жақты бағытталған мәселелер ҚР ҰКП Басқармаға ұсыныстар әзірлеу үшін кіші комитеттер отырыстарында алдын ала қарастырылып, Комитет мүшелерінің отырыстарына шығарылады.

Сондай-ақ отырыс соңында Комитет мүшелері 2014 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

Отырысқа қатысушылар ЕЭО туралы шарт жобасын және «Үйлестірілген (келісімделген) көлік саясаты туралы хаттама» № 21 қосымшаны талқылады. Атап өтілгендей, Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ЕЭО туралы шарт жобасы бойынша БЭК және КО мүше мемлекеттердің үкіметтері төрағаларының орынбасарлары деңгейінде өтетін кеңестерге Қазақстан Республикасының ұстанымы келіп түсті. Сондай-ақ ҚР ҰКП-ға 17-18 ақпанда Минск қаласында өткен ЕЭО және КО мүше мемлекеттердің сарапшыларының кезекті отырысының қорытындысы туралы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт жобасының институционалдық бөлімі келіп түсті.

Іс-шарада ҚР 2020 жылға дейін көлік саласының инфрақұрылымын дамыту және интеграциялау мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары туралы ақпарат тыңдалды. Аталған жоспардың түпкі мақсаты – Қазақстанның заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ оның әлемдік көлік жүйесіне интеграциялануын қамтамасыз ету және көліктік әлеуетті жүзеге асыру. 

Комитет мүшелері Қазақстанның ДСҰ кіруі жағдайында көлік және байланыс жұмысын бейімдеу бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы мәселені  ҚР ҰКП Төралқа қарауына шығаруды ұсынды. Қазақстанның ДСҰ өтуі – еліміздің экономикасының барлық құрылымдарында, оның ішінде көлік қызметтерң нарқының құрылымында үлкен өзгертулердің алып келетін оқиға болмақ. Осыған байланысты көптеген көліктік компанияларға айтарлықтай күрделі үрдістерден өтуге, ал кейбір компанияларға көлік нарқынан  шығуға тура келеді.

Комитеттің келесі отырысы ағымдағы жылғы сәуір айының соңында өткізу жоспарланды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер