«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: Бизнестің Дүниежүзілік сауда ұйымындағы бәсекелестікке дайындалуы қажет

2015 жылғы 18 Наурыз
- Маңғыстау облысы
11519 просмотров

Отандық дүкендердегі қазақстандық тауарлар сатып алушылар назарын сауатты жарнамамен, көркем орамасымен тартуға тиіс. Ал оларды ең қолжетімді және барлық сатып алушыларға көрініп тұратын сөрелерге қойған дұрыс. Кәсіпкерлердің өздері белсеніп, өз өнімін өркендету бойынша толық көлемді жұмыс жасауы қажет. Бұл туралы Ақтауда өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысы барысында ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді.

Төраға ойынша, бүгінде қазақстандық бизнестің әрекет етуін бастап кеткен интеграциялық одақтар жағдайында шыңдалуы, өз сатып алушысының құрметіне ие болуы және ішкі нарықтағы өз орнына нық орнығуы қажет. Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін отандық нарыққа Қытай мен Еуропадан тауарлар ағыла бастайды. Мұндай жағдайда қарсы тұру бұдан да қиынға соғады.

- Бүгінде біз Ресеймен экономикалық одаққа кіріп отырмыз, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі келіссөздер аяқталып қалды. Сонда біз көршілес ДСҰ-ға мүше мемлекеттер тауарлары үшін, алдымен, Қытай үшін өз шекарамызды ашуға және әлемдік компаниялар өнімімен бәсекелесуге тиіс боламыз. Түйткіліміздің көбейіп тұрғанын жасырмаймын: көптеген кәсіпорындар рубльдің қатты арзандап кетуі себебінен қиындыққа ұшырап жатыр және Ресей нарығында өз орындары болған біздің кәсіпорындар бүгінде баға ауқымында бәсекелесе алмайды. Оның үстіне, нарығымызға арзан ресейлік өнім ағылуда. Бұрын біз кедендік баж немесе басқа да шектеу шараларын енгізе алар едік. Бүгінде одақ аясында бізде мұндай құралдар жоқ. Сондықтан да сауда желілерінде отандық өндірушіге көмектесетін боламыз, оларға басымдылықты шарттар ұсынып, өндірісті жетілдіру кезінде жәрдемдесеміз, оларға қаржылық және бейқаржылық қолдау әдістерін көрсететін боламыз. Осының барлығы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы Картасына енуге тиіс, - деп сендірді Маңғыстау облысының кәсіпкерлерін ҰКП Төралқасының Төрағасы Тимур Құлыбаев.

ҰКП айналысуын жалғап келе жатқан келесі бір мәселе – бұл мемлекеттік сатып алулар мен ұлттық компаниялар сатып алулары, себебі белгілі бір серпін беріп, ШОБ дамуын ынталандыратын да дәл осылар. Сондықтан да Палатаның басты міндеттерінің бірі – отандық өндірушілерді ұзақ мерзімдік келісім-шарттармен қамтамасыз ету.

- ЕАЭО-да өзіміздің жеке өндірушілерімізге протекционистік қатынас қалыптастыру қажет. Қалайша? Ең дұрысы, әрине, мемлекеттік сатып алулар көмегімен, себебі біздің мемлекетіміз ұлттық компаниялармен бірге ірі сатып алушы болып табылады, және де сатып алуларды 9 трлн. теңгеге жүзеге асырады. Мемлекеттік сектор жергілікті кәсіпкерлер мен өндірісті дамыту үшін аса үлкен қозғалтқыш ролін алады. Ұзақ мерзімдік келісім-шарттар жүйесі іске қосылуға тиіс, - деп мәлімдеді Тимур Құлыбаев.

ҰКП сонымен қатар «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында өндірістерді қолдауға бөлінген қаражатты бөлудің ашықтығын жақтайды. Былтыр өңдеу өнеркәсібін қолдауға бөлінген 200 млрд. теңгеге 2015 жылы тағы да 100 млрд. теңгені бағыттайды. Осы соманың тең жартысы ШОБ саласындағы өңдеу өнеркәсібін кредиттеуді жалғастыруға жұмсалады да (оператор – «Даму» Қоры), қалған 50 млрд. теңге ірі бизнестің өңдеу жобаларын қаржыландыруға бөлінеді (оператор - «ҚДБ» АҚ).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер