«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнестің ережесі баршаға ортақ

2015 жылғы 17 Наурыз
3429 просмотров

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сарапшылары қолданыстағы рұқсат ету жүйесін қайта қарау қажет деп есептейді.

Бүгінде «Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингінде Қазақстанның жайғасымын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өкінішке орай, 2015 жылғы рейтинг нәтижесі бойынша Қазақстан былтырғы жылмен салыстырғанда екі жайғасымға төмен түсіп, 154 орында «Құрылысқа рұқсат алу» санатында тұр. Осыған орай ҚР ҰКП өкілдері бұрыннан келе жатқан рұқсат ету жүйесін қайта қарау қажет деп пайымдайды.

Бүгінде орташа статистикалық нысан салу процесі шамамен 50 шақты құжатты ресімдеуді қажет етеді, ал ол 260 қолмен расталып, бұның барлығына 500-ге жуық күн кетеді. Көптеген нысандарды салу, қажет рұқсат құжаттарын келісуге қарағанда, аз уақыт алатын тұстар да жоқ емес.

ҚР ҰКП ойынша, түйткіл туындауындағы негізгі себеп жер телімін алу сәтінен бастап нысанды пайдалануға бергенге дейін құрылыс процесіне анық нормативтік реттеудің жоқтығы болып табылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі қазіргі кезде «Қазақстан Республикасы кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының аясында «Салудың үлгілік ережесін бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұйрығы жобасын дайындады.

Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы аталмыш құжатты құрылыс компаниялары өкілдерімен талқыға салып, ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың атына «Салудың Үлгілік Ережесі» аясында құрылыс саласындағы бастапқы-рұқсат ету құжаттарын ресімдеу және беру процедураларын міндетті түрде ретке келтіру қажеттігі жайлы ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметовтың қолы қойылған хатты жолдады.

2015 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен өткен отырыста Ереже жобасын түзеу қажеттігі аталды.

ҰКП кәсіпкерлердің, құрылыс компаниялары басшыларының және барлық мүдделі тұлғалардың Министрдің аталмыш бұйрығы жобасын талқылауға белсене ат салысуын сұрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер