«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Атырауда Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендер құқығын тиімді түрде қорғауда

2015 жылғы 18 Наурыз
- Атырау облысы
14486 просмотров

Атырауда Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендер құқықтарын қорғап жүр.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі бағыттары - кәсіпкерлер құқықтарын қорғау, бизнес жолындағы әкімшілік кедергілерді жою. ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың қатысуымен өткен Өңірлік кеңес отырысында Атыраулық Палата директоры Асылбек Жәкиев осылай деп хабарлады.

«Кәсіпкерлер палатасы бизнес ашуда немесе жүргізуде құқықтарының бұзылғаны туралы ақпараттандырған жергілікті бизнесмендердің 175 өтінішін қараған. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде кәсіпкерлердің 134 млн. теңгеден астам қаржылай шығынын болдырмауға қол жетті.  Бизнесмендерге ұшырасатын тағы бір түйткіл – бұл әкімшілік кедергілер. 2014 жылы 66 кедергі анықталған екен. Олардың көпшілігінің шешімі республикалық деңгейде жатыр. Дегенмен де, 15 кедергі жойылды. Бұл мұз қату кезінде Орал-Каспий алабында балық аулауға рұқсат, жылжымайтын мүлікке құқықтық тіркеу, алкоголь өнімін өткізуге лицензия беру, Қытайдан әкелінген автокөлік құралын тіркеуге рұқсаттар», - деп ақпараттандырды Асылбек Жәкиев.

Көмекті облыс орталығындағы бизнесмендер ғана алған жоқ. Қазіргі кезде өңірдегі барлық аудандарда Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылып, онда оларға жеке ісін ашу үшін құжаттар даярлауға, банктен кредит алу үшін қажет консультациялық көмек беріледі.

«Консультативтік көмек көбінесе «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламаларын қолданғысы келгендерге қажет болады. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысында кепілдіктің жоқтығы немесе аудандардағы көптеген кәсіпкерлердегі кепілдік өтімділіктің төмендігі сияқы түйткілді мәселелер анықталды. Инженерлік-коммуникативтік инфрақұрылымды дамыту үшін және гранттық қаржыландыру үшін бөлінген ақша қаражатының жеткіліксіздігі. Дегенмен де, өңірде мемлекеттік бағдарламалар бойынша 35 млрд теңгеден астам сомаға 169 жоба қолдау алған», - дейді Асылбек Жәкиев.

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасы жұмысының тағы да бір бағыты – жергілікті тауарлар мен қызметтер жеткізушілер мемлекеттік сатып алуларға немесе тендерлерге, не болмаса ірі бірлескен компаниялар байқауларына қатысқан кезде ұшырасатын түйткілдерді шешу. 

Атырау облысы бизнесі мұнай-газ сеткорымен тығыз әрекеттестікте болатын өңірлердің бірі болып табылады, және де сәйкесінше бұл саладағы сатып алулардың қаржылай көлемі мемлекеттік сатып алуларға қарағанда басым түсіп жатады.

«Мысалы, соңғы үш жылда өңірдегі жер қойнауларын пайдаланушылар сатып алуларының көлемі 3725,3 млрд. теңге құраған, ал мемлекеттік сатып алулар көлемі 311,4 млрд. теңге. Алда тұрған ресми статистикалық деректерге сәйкес, облыстағы жер қойнауларын сатып алулардағы жалпы жергілікті мазмұн үлесі 57,3% құрап отыр, оның ішінде жергілікті мазмұн үлесі тауарлар қимасында 23,5% құраған, ал мемлекеттік сатып алушылар үшін сәйкесінше 67,6% және 55,7%. Жүйелік түйткілдер анықталды: тапсырысшының біліктілік талаптарын көтеріп жіберуі, мемлекеттік сатып алулар порталы жұмысының техникалық түйткілдері, қабылдамау және байқаудан себебін түсіндірусіз алып тастау. Өңірлік кәсіпкерлер палатасында осы түйткілдерді шешу үшін жергілікті мазмұн бөлімі құрылған. Бөлім алдына жер қойнауларын пайдаланушылар мен «Самұрық-қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары сатып алушыларының жылдық базасын құру бойынша міндет қойылып отыр. Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестерде осы жайлы сөйлесу үшін, түйткілді біртіндеп шеше отырып, сатып алулар саласындағы бұзуларды анықтау қажет», - деп хабарлады Асылбек Жәкиев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер