Балалар бақшасы – жекенің де, мемлекеттің де міндеті
Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен дөңгелек үстел мектепке дейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаттарына арналды. Отырысқа ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі, елордалық білім беру басқармасы, «ДАМУ» қоры, «Қазақстандық МЖӘ орталығы», «Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы» өкілдері, құрылыс компаниялары мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.
ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Константиновна Якупбаева мектепке дейінгі мекемелер құру жөніндегі пилоттық үлгілік концессиялық жобаны дайындау қажеттігін атады. Ал ол кейін еліміздің барлық аумақтарында қолданылуы мүмкін.
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшылары Астана және Алматы қалалары Әкімдіктерінің бағалы қағаздар шығару механизмін қолданумен қаржыландыру схемасын ұсынды.
«Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ өкілдері МЖӘ жобалары үшін банк қаржыландыруының қолжетімділігі мәселелері жөніндегі Жұмыс тобын құру бастамасын көтерді. Жұмыс тобының міндеті концессиялар түріндегі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың оңтайлы схемасын құру болуға тиіс.
Отандық және шетелдік инвесторларды мемлекеттік-жеке меншік әріптестік салаларына тарту процесін жылдам дамыту мақсатында дөңгелек үстелге қатысушылар концессияшының қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, және де «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қызметінің басымдылықты түрлерінің Тізбесіне әлеуметтік концессиялық жобаларды қосу мәселелерін қарады.
Әрекеттегі заңнамаға сәйкес, қарыз кезеңінде концессия нысаны концессияшы меншігі құқығында болуы мүмкін. Сондай-ақ концессия нысанын коммуналдық меншікке мемлекеттік теңгерімге концессияшы қарызды жапқаннан кейін беруге болады. Бұл аспектілер МЖӘ негізінде әлеуметтік нысандар құру жөніндегі жобаларды «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасына қосуды әлеуетті түрде мүмкін қылады.
Отырысқа қатысушылар ҰКП-ның «Даму» КҚҚ» АҚ ұсынатын бизнеске арналған кредиттер бойынша кепілдікті 300 млн. теңгеден 1,85 млрд. теңгеге дейін ұлғайту жөніндегі ұсынысын қолдады. Бұрындары бұл ұсыныстар «Бизнестің жол картасы-2020» Бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы жобасын қарау аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне жолданған болатын.
«Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығы» өкілдері жеке меншік бақшалар үшін мемлекет тарапынан дотацияны ұлғайту тақырыбын қозғады. Олардың ойынша, бұл кәсіпкерлердің табысына оң әсерін тигізіп, мектепке дейінгі мекемелер құру жобаларын инвесторлар үшін біршама тартымды етуге тиіс.
Отырыс қорытындысы бойынша, қатысушылар тағы бір жиналыс өткізуді ұсынды. Онда «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесін ескере отырып, балалар бақшаларының орын алып отырған түйткілдерін, және де Елбасының көп қабатты үйлердің бірінші қабаттарында балабақшалар жасақтау жөніндегі тапсырмасын іске асыруға деген ұстанымдарды талқылау ұсынылып отыр.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: