«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауқымды демалыс

2015 жылғы 13 Наурыз
3415 просмотров

Шетелдіктер үшін Бурабай әлі де танымал емес.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында Щучинск-Бурабай шипажай аймағына туристер ағымын арттыру және қысқы демалыс үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.

Анықталып отығандай, бүгінде негізгі тоғыз іс-шара аяқталмаған болып шықты. Щучинск қаласының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы дайындалмаған. Сонымен қатар, Бурабай кентінің жылумен жабдықтау желісін және қазандығын салу, туристердің «Астана-Көкшетау» тас жолына дейін жетуі үшін бірнеше көшені күрделі жөндеу қажет болады. Байқаудың сапасыз өткізілуі әрі уақытында болмауы салдарынан оларды жөндеуді бастау созылып кетті. Ақырында, 358 млн. теңгеден 118 миллион игерілмеген.

Жаңартылған жолмен электромобильдер мен электр поездары сияқты көліктің экологиялық таза түрлері бағыт алатын болады. Алғашқы осындай машиналар пайда болып та қойды.

- Алайда сонымен бірге әрбір туристік бизнес субъектісі барлық экскурсиялық «Бурабай» бағдарламаларының осы экологиялық таза көлік түрлері базасында жүргізілуі үшін, бар күшін салуға тиіс, - деп атайды Ақмола облысы туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов.

Жағалау аймақтарының жеткілікті деңгейде жайластырылмауы курорттық аймақ дамуының түйткілі болып қала береді. Қыс маусымында шипажайлар мен демалыс үйлері тіпті бос тұрады. Оның үстіне, ҰКП-да өткен жиналыста аталып өткендей, «облыстың бай тарихи-мәдени және бірегей табиғи әлеуеті жете бағаланбайды және мүлдем қолданылмайды». Шетелде қазақстандық курорттық аймақтың көркемдігі, мүмкіндіктері, артықшылықтары мен бірегейлігі жайлы білетіндер аз.

Әзірше курорттық аймақ аумағында 24 экскурсиялық бағыт әрекет етеді. Оның ішінде 17 жаяу, атпен, велосипедпен, суда және 4 автомобильдік. Жақында тағы бес бағыт қосылмақшы.

Келу статистикасы жоғары емес, алайда оң көрсеткіш береді. Ақмола облысы туризм басқармасының деректеріне сүйенер болсақ, былтырғы жылы төрт жыл бұрынғыға қарағанда қазақстандық курортқа туристер 1,3 есе көп келген. Және де Бурабай ауданындағы туристік салаға көрсетілген қызметтің жалпы көлемі бес есе ұлғайған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер