ЕАЭО Кеден кодексі: асықпай, зейін сала талдау
Қазақстан Республикасы Үкіметі Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Еуразиялық экономикалық одақ Кеден кодексі жобасын мемлекет ішіндегі келісу мерзімін ұзарту туралы ұсынысын қолдап отыр.
Үстіміздегі жылдың 19 ақпанында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен жиналыс қорытындысы бойынша негізгі министрліктерге бірқатар тапсырмалар берілгені белгілі.
Соның ішінде, ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ҚР Қаржы министрлігімен бірге Еуразиялық экономикалық комиссияға ЕАЭО Кеден кодексі жобасының мемлекет ішіндегі келісу процедураларын аяқтау мерзімін ауыстыру туралы хатты даярлап, жолдау тапсырылған еді.
Үкімет Басшысының тапсырмасын дамытуға ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік табыс комитетінің базасында жақын арада ЕАЭО Кеден кодексі жобасына тұжырымдамалық ұсыныстар мен ескертулер даярлау жөніндегі жаңа Жұмыс тобы жұмысын бастамақшы.
Қазақстандық кәсіпкерлер еліміздің Үкіметі қабылдаған шешімнің аталмыш экономикалық одақ құрамындағы барлық елдер экономикасы мен олардағы шаруашылық етуші субъектілер мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, бизнесмендер мен кедендік органдар әрекетестігінің ашық, айқын әрі қарапайым ережесін орнатуға мүмкіндік беретін ЕАЭО Кеден кодексімен жұмысқа жаңа серпін береріне сенім білдіреді.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: