Біз тұтынатын тағам
Қазақстандық ЭКО-тауарлар нарықты шабуылдауда.
Қазақстандықтар өз денсаулығын көбірек ойлай бастапты, міне, сондықтан да ЭКО-өнімдерге деген сұраныс та қарқынмен өсуде. ҰКП Сауда комитеті хатшылығының Хатшысы Жібек Әжібаева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде атап өткендей, әлемдік тренд біздің елді де айналып өтпепті. Оның үстіне, эко-өнімдерді өндіру және шығару бүгінде ең оңай бизнес емес.
- Эко-өнімдер іс жүзінде жер телімдерін, алаңдарды сертификаттаудан басталады. Қостанай облысында 150 мың гектар экологиялық таза жер ретінде сертификатталып та қойған. Сонымен қатар, Алматы облысында бүгінде жүзімдіктер көптеп саналады, ал шарап өндіру дәл осы ЭКО-үлгі бойынша жүреді. Осы экологиялық тұрғыдан таза өнімдерге және оның өндірісіне қолжетімділікті ұлғайту үшін, Ауыл шаруашылық министрлігі органикалық жер шаруашылығы жайлы заң жобасын даярлады. Сәйкесінше онда агротехнология бойынша ғана емес, тыңайтқыштар, қайта өңдеу, бөлшектеп өлшеу мәселелері тұр. Ораманың өзі экологиялық тұрғыдан таза болуға тиіс. Бүгінгі таңда нарықта экологиялық немесе органикалық өнімдер көлемі шамамен 95 млрд. теңгені құрайды, - деп атап өтті Жібек Әжібаева.
ҰКП сарапшылары мынадай бір қызықты оғаштықты атайды. Отандық ЭКО-нарықтың өсіп келе жатқанына қарамастан, импорттың 75 пайызға жуығы қытайлық тауарлар еншісінде. Ал олардың үнемі сапалы әрі қауіпсіз бола бермейтіні белгілі. Алайда қазақстандықтар отандық тауарлар тұрған сөрелерді жанай өтіп, шетелдік өнімдерге сенуін жалғастыруда. Оның есесіне сол қытайлықтар мен еуропалықтар біздің өнімді ұнатып алады.
Журналистерді ОКҚ-да сонымен қатар қазақстандық өндірушілерді қолдау мәселесі қызықтырды. Сарапшылар қазақстандық өндірушілердің ішіндегі дүние туралы ғана ойлап қоймай, орамасы жайлы да ұмытпауы қажет екенін атайды. Отандық тауарлар рәсімдеу мәселесінде шетелдіктерден біршама қалып қояды.
- Біз жақында сауда желілерімен кездесу өткізіп, отандық тауарлардың қазақстандық сөрелерге өркендеуіне бөгет жасайтын түйткілдерді белгіледік. Оған логистика, сұрыпталым, ырғақтылық мәселелерін қосыңыз. Біздің тұтынушы қай мәселеге назар аударады? Орамасына, таңбалануына. Оған да капиталдық салымдар қажет. Және де, өкінішке орай, біз жарнамалық науқандарды, промоушендерді аз қолданамыз. Бүгінде Ресейде бір ғана орамаға 200 млрд. теңгеден астам сома салынады, ал Қазақстанда болса, бар-жоғы 300 миллион теңге. Айырмашылық 86 есе! – деп мәлімдеді брифингте Жібек Әжібаева.
Дей тұрғанмен, бәрі де бірдей көңілге қаяу түсірмейді.
- Барлығымыз да дүкенге барамыз. Барлығымыз да тұтынушымыз. Іс жүзінде барлық азық-түлік желісі қазақстандық тауарлармен ұсынылған. Олар жеткілікті деңгейде сұранысқа да ие. Және де, осындай шығындарға қарамастан, дәл біздің тауарлардың сатып алушылары да баршылық. Бәріміз жұмыла отырып, осы ахуалды жөнге саламыз деп сенемін, - дейді ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті хатшылығының хатшысы Юрий Тілеумұратов.
Отандық тауарларды өркендетудегі тағы бір түйткіл – тауар өндірушілер мен сауда желілері арасындағы қатынас. Көбінесе, желіге тауар өндірушілерден қабылданатын тауар көлемін сақтайтын орын жоқ боп шығады.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: