«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстандықты қайдан және қалай сатып алу керек?

2015 жылғы 12 Наурыз
3024 просмотров

«Қазақстанда жасалған»: бәрі де орама мен сапаға байланысты.

Отандық азық-түлік және тауар өндірушілердің барлығы бірдей сауда орталықтары мен дүкендерінің сөрелерін «жүз пайызға» толтыруға дайын емес. Алайда қазақстандық бизнестің әлі де уақыты бар, бастысы, ахуалды түзетуге қажет нұсқалары да жоқ емес. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шағын және орта бизнесті дамыту комитеті мен Сауда комитетінің бірлескен отырысында осы жайлы сөз болды.

ҰКП-ның гүлдендіру жолында тиімді алғышарттар жасауға тырысып жүрген Қазақстандағы алғашқы бизнес-қауымдастыққа айналғанын атап өтеміз. ҰКП өңірлік өкілдіктерін қосумен онлайн-режимде өткен қос Комитет отырысы осы іске қосылған кезекті үлестердің бірі болды. Бүгінгі кештің алдында үкіметтік деңгейде, сонымен қатар ірі ритейлдермен арада ҰКП өкілдерінің жұмыс кездесулері тобының болғанын айта кету керек. Бұл Елбасының тапсырмасымен іске асырылып жатқан «Қазақстанда жасалған» науқанының аралық қорытындыларын жан-жақты талқылауға мүмкіндік берді.

ҰКП Сауда комитетінің хатшысы Жібек Әжібаева отырыста көшбасшы ритейлдер жайғасымдары жайлы ақпараттандырды. Сауда желілерінің иелері әрекеттегі кәсіпорындардың әзірше қазақстандық өнім сұрыпталымын толық көлемде қамтамасыз етуге дайын емес екенін жеткізді.

– 2014 жылы Қазақстанда құс етін өндіру 45,7% құраса, шай мен кофе – 34,8%, көкөністер мен жеміс-жидектер 18% болып еді, – деп Жібек Әжібаева кейбір статистикалық деректермен бөлісті.

Ритейлдер импорттық өнімдерден біршама артта қалып қоятын қазақстандық орама сапасын да түйткілдер қатарына жатқызды. Жібек ханым бұны өз деректерімен растап отыр: 2014 жылы Ресейдегі орама нарығы 26 млрд. долларға бағаланған; Қазақстан нарығы – бар-жоғы 300 млн. доллар.

– Яғни, айырмашылық 86 есе болып отыр, - деп баса айтты Жібек Әжібаева.

Сонымен қатар қазақстандық өнімдерге жарнама жетіспейді, код-штрихтар мен тиісті сертификаттар да үнемі бола бермейді. Алайда сөрелердегі отандық тауар өндірушілер тауарларының үлесін арттыру үшін бұл да жеткіліксіз. Әрбір өндірушінің алдымен өз ауданында, қаласында, облысында көш бастағаны маңызды, міне, осыдан кейін ғана еліміздің басқа да елді мекендеріне тауар тарату жайлы айтуға болады.

ҰКП Алматыдағы филиалының кеңсесі айтқан ұсыныс орынды болды. Олардың ойынша, біздің өнімдерімізді жарнамалауда спорт, өнер жұлдыздары, саясаткерлер, яғни пікіріне қазақстандықтар құлақ асатын тұлғалар көмектесуге тиіс деп санайды. Ұлттық палата шағын өндірушілерді өңірлерінде өз тауарларына ұқсас өнім шығаратын негізгі кәсіпорындар маңайына бірігуді ұсына отырып, осындай әрекетке шақырды. Бұл олардың танымалдығы мен сапасын артыруға сеп болар еді.

Сонымен бірге, ҰКП отандық өндірушілерді жүйелік қолдау жөніндегі қызметті де жалғастырмақшы. Бұл туралы ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева хабарлады.

– Өңірлік палаталар тауар өндірушілерді қолдау бойынша қалалық және облыстық әкімдіктермен өзара әрекеттестікті бұдан әрі де жалғастыра береді, - деді Гүлнар ханым.

Келесі отырыс тақырыбы мемлекеттік сатып алу жолымен қазақстандық өндірушілерге көмек көрсету тәжірибесін кеңейту болуы да мүмкін.

– Біз, бірінші кезекте қазақстандық тауарларды сатып алу үшін, мемлекеттік органдарды ынталандыруға тиіспіз, - дейді ҰКП Шағын және орта бизнесті дамыту комитетінің төрағасы Райымбек Баталов.

Жанар Бiрлiкқызы


Еншілес ұйымдар

Серіктестер